МАМЫРДАҒЫ МЕЙРАМДАРДЫ МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ӘЗІРЛЕНДІ
Төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды. Осы орайда мамыр айындағы мейрамдарды мерекелеуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері әзірленген. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев баяндады.

Қазіргі жағдайға байланысты онлайн форматқа, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізуге, виртуалды флеш-мобтар, акциялар, конкурстар және т.б. ұйымдастыруға, өңірлік БАҚ-та ақпараттық контентті ұлғайтуға айрықша мән беріліп отыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі облыстық жоспар жасақталды.
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында 62 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және 5 831 тыл ардагерлері бар. Оларға Жеңістің 75 жылдығына орай Үкімет шешімімен бюджеттен біржолғы материалдық көмек беріледі. Нақтырақ айтсақ, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне – 1 млн. теңге, қайтыс болған ҰОС қатысушылар мен мүгедектерінің жұбайларына – 30 мың теңге, концлагер тұтқындарына – 100 мың теңге, Ленинград қоршауында болғандарға – 100 мың теңге, тыл ардагерлеріне – 30 мың теңге,ерікті жалдама құрамаларының адамдарына – 120 мың теңге беріледі.
Облыс басшысы орынбасарының мәліметінше, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыстық телеарналарда арнайы тележобалар көрсетілімі мен тақырыптық бағдарламалар дайындалып, көркем және деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде бүгінгі күннің батырлары мен әскери қызметкерлеріне құрмет көрсету акциялары мен флэшмобтарын, сондай-ақ, облыстағы қашықтан оқитындарға ерлік пен батырлық тақырыбында сабақтар өткізу жоспарланған. 8 мамыр күні «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанова оқыған Кешкі (аусымды) жалпы білім беру мектебінде мемориалды тақта ашылады.
9 мамыр күнгі Жеңіс мерекесі Орал қаласында орналасқан бес ескерткішке – «Үш батыр қыз», «Мәңгілік алау», Бауырластар зираты, Т.Масин, Г.К.Жуков ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсімімен бастау алады. Содан кейін, «Жеңіс» алаңында 3 акцияға старт берілмек.
– Біріншісі – велоспортпен айналысушы спортшыларымыз велошеру ұйымдастырады. Екіншіден, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін құттықтау үшін тоғыз топ құрылған. Оларға да осы алаңда бастау беріліп, әр ардагердің үйіне барады. Ардагерлерге құрмет ретіндешағын концерт ұсыну да жоспарланды. Үшінші акция – Жайық өзені арқылы катерлердің жүзуі. Катерлер мерекеге орай безендіріледі. Су спортымен айналысушы спортшылар да осы акцияға қатысады деп күтілуде. Акцияларға старт бергеннен кейін «Мәңгілік алау» жанында Үрмелі оркестр орналастырылып, әскери әндерді орындайды. Концерт «AQJAIYQ» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі, – деді Серік Рахметоллаұлы.
Аудан орталықтары мен ауылдық округтерде ҰОС ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі. Мейрам күні соғыс және тыл ардагерлерінің үйіне барып ҚР Президентінің және облыс әкімінің атынан арнайы құттықтау хат және естелік сыйлықтары табысталады.
Қазіргі уақытта «AQJAIYQ» телеарнасы облыстың аудандарында Ұлы Жеңіске қосқан үлестері туралы арнайы репортаж дайындауда. Ол 9 мамыр күні көрсетілмек. Сондай-ақ 7-9 мамыр күндері облыстық телеарналар арқылы Ұлы Отан соғысына арналған арнайы репортаждар, деректі және көркем фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылады.
– Арнайы жұмыс тобына жергілікті белсенділер «қазіргі жағдайды ескере отырып, ардагерлерге құрмет ретінде балконға немесе аулаға шығып, Жеңіс күніне арналған әнді бір уақытта орындау» жөнінде ұсыныс білдірді. Бұдан да басқа ұсыныстар түсіп отыр. Әзірге бұл ұсыныс талқылануда, – деген Серік Егізбаев ұйымдастырылатын шаралар, уақыты алдын ала БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы хабарланатынын жеткізді.
Айта кетейік, 15 сәуірден бастап әлеуметтік желілерде «Мен батырдың ұрпағымын» челленджі және «Мы – наследники Победы» байқауы жарияланды. Қатысушылар соғысқа қатынасқан өз ата-бабалары және жерлестері туралы жазбалар және бейнероликтер жариялауда. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында облысымызда жыл басынан «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында облыстық жастар қоғамдық бірлестіктері ҰОС ардагерлерінің және жалғызбасты тыл еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, көмек көрсетуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу