8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2018 2890 0
Қоғам

МАЙРАЛАРДЫҢ ҮНІ МЕН ІЗІ…

Тума таланттар тоғысқан біздің киелі Ақ Жайық өлкесінде әрісі Қаламқас Орашева, Қалампыр Рахимова, ал берісі Сәуле Таудаева, Жұмағаным Рахимовадай бұлбұлдарымыз қаншама? Бұған қоса, «Дегенде атым Майра, атым Майра. Отыз тіс көмекеймен тілім сайра. Қолға алып домбырамен ән шырқасам, ілесер сонда маған жігіт қайда?» деп, аты аңызға айналған  Майраның өзі неге тұрады? «Қызы едім мен Уәлидің атым Майра» деп өз заманында шырқаған Майраның атын жақсы ырымға балаған халқымыз уілдеген сәбилеріне әншінің есімін еншіледі. Қазақтың маңдайына біткен Майра Мұхамедқызы, Майра Ілиясова, Майра Нүркеновалар секілді әпкелерінің үні мен ізін жалғаған бір Майра өзіміздің Оралда жүр. Мұхит пен Ғарифолладай бабалар  туған киелі  Қаратөбенің Саралжын ауылынан шыққан Майра Жолдыбайқызын  бүгінде кім  білмейді?! Биік сахналарды бағындырған Майраны  көрермен қауым  қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісоваға да  ұқсатады. Дауыстарында бір үндестік  бар дейді. Талантты әрі әдемі келіншекке мұндай теңеудің өзі тектен-тек берілмес сірә?!  

– Өзім көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Жанұяда жеті қыз желкілдеп өстік. Әкем Жолдыбай кіндіктен жалғыз ұл болған екен. Өмірінің соңына дейін  ұл тілегенмен, бұл арманы орындалмады. Өйткені, әкеміз  39 жасында, анамыз 40 жасында о дүниеге аттанып кетті. Үйдегі жеті қызды  әжеміз жетектеп өсірді, – деп бастады Майра бізбен әңгімесін. Көз жанары жасаурап, мұңайған Майраның әндерін неліктен шынайы сезіммен  шырқайтынын, жүректен-жүрекке неліктен жетіп жататынын осы сәтте ұққандай болдым. Жеті қызды бір өзі жетілдірген  Буылдық әжелері елге өте сыйлы, қайратты әрі қайсар, қолы ашық жан  болыпты.  Жалғыз ұлы Жолдыбайдан көрген  немерелерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, шаштарына желбіреген бантикті тағып, құрбыларымен тең киіндірген  әжелері білім мен тәрбие беріп, өмірге өзі қанаттандырыпты.  Балалардың бақытына қарай, тойларын да өзі жасап, тіпті  шөбере жиендеріне дейін көріп кетуді көктегі Тәңір нәсіп етіпті.

Осындай жылы ұядан қанаттанып ұшқан қарғадай қыз ел алдына қаймықпай шығып тамылжыта ән салуды армандаған. Хас өнердің жолын таңдауда ол адаспаған екен.  Бұл өнер Майраға нағашы апасы  Аққайшадан дарыған екен. Ертеректе Қаратөбе өңірінде ұлтымыздың мақтанышы  Ескендір Хасанғалиевпен бірге ән салып, елге танымал болған Аққайшаны жұртшылық сүйсіне тыңдайды екен.

– Әу демейтін қазақ жоқ қой, жалпы  ата-анам да  әнші болған. Осы кісілердің қанымен келген өнер мені қызықтыра түсті. 1987 жылы Саралжын орта мектебін бітіріп, Орал мәдени ағарту училищесіне оқуға түстім. Содан  1990 жылы  қобыз класын ұстазым Хайырова Мереке Есетқызынан ойдағыдай тәмамдап шықтым.  Кешікпей бала күнгі арманыма қолым  жетіп, өңірдегі белгілі «Орал сазы» ансамбліне әнші болып жұмысқа орналастым. Кейін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Музыка және ән» факультетіне оқуға қабылдандым. Танымал тұлға  Қанатқали Қожақовтың вокал сабағынан  дәріс алдым. Мұнымен шектелмей  «жоғары кәсіби музыка пәні мұғалімі» деген дипломды иемдендім, – дейді Майра Хайдарова.

Жасынан еті тірі, пысық қыз осының бәріне өз еңбегіммен қол жеткізді, әрине. 28 жылдық еңбек өтіліне көз салсақ, Елбасымыздың тарихи «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, Ақ Жайықтың өнердегі дамуына  сүбелі үлес қосып келеді. 2010 жылы «Ару ғұмыр – ән ғұмыр» атты алғашқы жеке концертін  беріп, көрермен қауымның зор ілтипатына бөленіп үлгерді.  Тек  бұлбұлдар ғана батыл сайрай алатын киелі сахнаға шығып, ел-жұртын өзіне тәнті еткізіп, қол соқтыру қарапайым  ауылда  өскен  әнші  үшін  үлкен жетістік. Ол бүгінде табиғаттың заңынан да аттап кетпей, отбасын құрып, аналық міндетін де әп-әсем атқарып отыр.  Жанұясында отағасы Қази екеуі қос қарлығашты үкілеп өсірді. Осы Қазидың өнерге деген сүйіспеншілігінің арқасында Майрамыз сахнадан тысқары қалмай, тоты құстай таранып-сыланып әндерін тамылжыта айтып жүр. Тұңғыштары Айым бүгінгі таңда анасымен бірге ел алдында өнер көрсетіп, қошеметке бөленуде. «Ана көрген тон пішер» демекші, жүрегі нәзік, көңілі кіршіксіз Айым бүгінде Шағатай деген ауылдың керемет келіні.  Ұрпақ  жалғастырып, екі жақты титтей  бүлдіршіндерімен қуанта білген қыздары  Айым  мен күйеу балалары Данаттың келешегінен  үміттің ұшқынын  көреді. Сүт кенжелері  ГүлжауҺар медбике мамандығын игеріп, денсаулық сақтау саласында еңбек етуде.

Қай сахнада жүрсе де отбасы бірлігін, жылылығын сақтай білген әнші Майра  бүгінде Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің  музыка кафедрасында қосымша мұғалімдік қызметті де атқаруда. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген мақалды жанына жаттап өскен Майра Жолдыбайқызының балауса шәкірттеріне дейін  халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. Майра көбіне жергілікті қаламгерлер мен композиторлардың әндерін құйқылжыта шырқайды. Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Қыз сағынышы» өлеңіне жазылған М.Мақымовтың, сөзін  Ақмаржан Таубаева жазған Роза Сүлейменованың  «Мәңгілік сағынышым», Ғайсағали Сейтақ пен  Еркін Нұрымбетовтің  «Асқақтай бер, Астана», Талап Таймасұлы мен Жаскелең Ғайсағалиевтің «Саралжыным – құт мекенім», Шолпан Қыдырниязова  мен Баян Хабиеваның  «Ақбақай ән өлке», М.Шүйіншәлиева мен Қуаныш Қисметовтің  «Туған жер» секілді көптеген патриоттық және лирикалық әндерінің орындаушысы осы Майра!

Әрдайым бойындағы тума талантын мойындатуға  асығатын, өнерін шыңдай түсетін, ізденуден жалықпайтын Майра Хайдарова бұйыртса, 2019 жылы жеке шығармашылық концертін  беруді көздеп  отыр. «Сабақты ине сәтімен» деп сәтін салған күні бұл мақсатының  да  жүзеге асары анық.  Оралдықтардың,  жерлестерінің  тілегі – таң шапағындай жүзі жылы  Майра қыздарының көз алдарында аман-сау жүріп, ана мен өнер бақытын көре беруі… Тыңдаушысын ұйытып, халқымыздың Майраларындай   Жайықтағы  Майраның  сахнада  сайрай  беруі…

       Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
200 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
313 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
562 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
827 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1056 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1091 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1245 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1439 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1671 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1758 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1869 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1877 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1909 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1909 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2235 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»