8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2017 1930 0
Дені сау ұлт

Мақсот ИМАНҒАЛИЕВ: «Туберкулез инфекциясы балаларға өте қауіпті»

Статистикалық деректер елімізде құрт ауруына шалдыққандар және осы індеттен көз жұмғандар саны азайып келе жатқанын көрсетеді. Мамандардың тынымсыз ізденісі, сауатты ем-дом, осы дерттің себеп-салдарын қоғамның дұрыс түсінуі, үгіт-насихат жұмыстары жақсы нәтижеге жеткізді. Бірақ туберкулезбен күрес мәселесі күн тәртібінен түсер емес.  Өйткені өкпе ауруы соңғы жылдары жастарға, балаларға ауыса бастады.  Бұл, алаңдатарлық жайт. Осы ретте облыстық туберкулезге қарсы диспансердің директоры Мақсот Иманғалиевтен өңірде құрт ауруымен күрестің қалай жүріп жатқанын білген едік.

– Мақсот Бижанұлы, осыдан бес-алты жыл бұрын Батыс Қазақстан облысындағы туберкулезбен ауыру деңгейі республикалық көрсеткіштен жоғары болғаны туралы мәліметтер бар. Қазіргі ахуал қандай?
– Қазіргі жағдай анағұрлым жақсарды. Жалпы облыс бойынша 2017 жылдың алғашқы айларында туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің жақсаруы бар. Барлық көрсеткіштер республикалық орташа көрсеткіштен аспайды. 2017 жылдың алғашқы төрт айында халықтың туберкулезбен ауыруы өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға төмендеп және 100 мың тұрғынға шаққанда 17,0-ді, 2016 жылы 18,0-ді көрсеткен болатын. Ал республикалық көрсеткіш – 19,0. Балалар аурушаңдығы 7,7%-ға,  жасөспірімдер аурушаңдығы 40,7%-ға төмендеді. Туберкулезден болған өлім-жітім – 25%-ға төмендеп және 100 мың тұрғынға шаққанда 0,6-ға сәйкес келді. Бұл жағдайда республикалық көрсеткіш – 0,9. Тұтастай алғанда, облысымызда туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтандыру серпіні сақталуда.
2016 жылы туберкулезбен алғаш рет ауырған 308 науқас тіркелді. Оның 21-і, яғни 6,8 пайызы он жеті жасқа дейінгілер болса, 128-і (41,5 пайыз) – он сегіз бен жиырма тоғыз жасты құрайды, отыздан елуге дейінгілер – 103 (41,3 пайыз). Бұдан құрт ауруының жасарып бара жатқанын көруге болады.
– Өткен жылы кейбір аудандарда туберкулезден емдейтін ауруханалар жабылды. Бүгінде ол жерлердегі емделушілердің емі қалай жүргізілуде? Ауруханаға жатқызуда кезек бойынша кедергілер туындап жатқан жоқ па?
– Кедергі жоқ деп айта аламыз. 2016 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен келісілген 2016-2025 жылдарға арналған Қазақстанда туберкулезді бақылаудың интеграцияланған Моделі жүзеге асырылуда. Өткен  жылы болған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық Үйлестіру кеңесі осы Модельдің Ережесін мақұлдады. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – кеңістікті тәсіл негізінде МСАК деңгейінде науқастарды амбулаторлық емдеуді кеңейту болып табылады. Ал туберкулезбен ауыратын науқастарды емханалар деңгейінде емдеу облыста бірінші рет жүргізіліп отырған жоқ.
Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірінде Қазақстанда туберкулезді интеграцияланған бақылау Моделін жүзеге асыру және туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуді  кеңейту бойынша жұмыстар өткізілуде. Бұл ретте заңнамаға сәйкес жұқпалы науқастар 100% жағдайда емделуді облтубдиспансер стационарында бастайды. Ал, амбулаториялық емдеу кезеңіне зерттеу нәтижелері теріс болған кезде аударылады. Яғни барлық оңтайландыру бойынша туберкулезге қарсы препараттарға микроскопия мен микобактериялар тұрақтылығы  нәтижелерін ескере отырып, науқастарды емдеуге жатқызу принципі сақталды.
Тиісті бейіндегі науқастар эпидемиологиялық бейінділік және дәріге тұрақтылығын ескере отырып, стационарларда ем алады. Бациллярлық емес науқастар туберкулезге қарсы препараттарды емхана, аудандық орталық аурухана, АА, ФП, ФАП, облыстық тубсанатория деңгейінде алады. Тубпрепараттардың жанама әсерлері болған кезде – емдеу МСАК-тың күндізгі стационарында жүргізіледі. Науқастарды емдеуді ұйымдастыру бойынша, емдеуге жатқызудан бас тартуларды және науқастарды ауруханаға жатқызу кезегі бойынша қиындықтар жоқ.
– Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің қазіргі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталуы қалай? Диспансерде дәрілерге бейімделіп кеткен туберкулез таяқшаларын анықтайтын лаборатория бар ма?
– Әрине, заманауи құрылғылар уақытылы жеткізілуде. Оған шағымымыз жоқ. Қазіргі заманғы экспресс-диагностика әдістері енгізілуі зерттеуді бірнеше сағаттан екі тәулікке дейінгі уақытқа қысқартып, тез арада нақты диагноз қоюға мүмкіндік берді. Ол үшін бактериологиялық зертханаға БАКТЭК, НAINTEST, GEINXpert туберкулез аппараттары алынды. Жалпы облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне зерттеу үшін түскен науқастарға зертханалық, рентгендік-томографиялық және бронхологиялық зерттеу әдістерін пайдаланамыз. Оның ішінде жабдықтардың заманауи тораковидеоэндоскопиялық кешені, УДЗ аппараты, ИВЛ аппараттары, ДРАГЕР ФАБИУС және АВЕНТА, пульсоксиметр,  ИФА үшін құрал-жабдықтар бар.
–  Облысымызда  құрт ауруымен күресетін мамандар  жеткілікті ме?
– Туберкулезге қарсы қызметте бүгінгі таңда 77 дәрігер еңбек етуде. Оның 50-і – фтизиатр. Олардың 85%-ның біліктілік санаты бар. Барлық мамандардың фтизиатрия бойынша бастапқы даярлығы бар және бес жыл аралығында мамандану және біліктілігін арттырудан өтеді.  Бүгінгі күні МСАК медициналық ұйымдарының  95%-ында фтизиатрларды оқыту мен алмастырушыларды (дублерларды) даярлау жүргізілуде. Облыстық  тубдиспансер стационарында хирург дәрігерлердің, өкпеден тыс туберкулез мамандарының жетіспеушілігі бар. Бұл мәселені шешу үшін фтизиатрларды қайта даярлау жоспарланып отыр. Маманның даярлық кезеңінде науқастарға кеңес беру ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығында жүргізіледі.
– 1 науқас үшін жылына 1 миллионнан артық қаржы бөлінеді екен. Бұл қаржының ішіне қандай қызмет енеді?
– Оны емдеуге байланысты барлық шығындар. Науқастар үшін тамақ, дәрі-дәрмек, жөндеу және қызмет көрсету, медициналық техниканы сатып алуға арналған шығындар, медициналық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, салықтар, коммуналдық қызметтер және басқа ағымдағы шығындар. Диспансер 265 төсекке орналастырылған. Жыл сайын мұнда 890 науқас ем алады. Науқастарды емдеу үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Мәселен, туберкулезге қарсы препараттарды алу үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 243,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 103,4 млн. теңге  берілген болса, биыл республикалық қазынадан 320,1 млн., жергілікті есептен 124,8 млн. теңге қаралды.
– Балалар арасында туберкулезге қарсы вакциналау қалай жүруде? Өйткені кейбір ата-аналардың жоспарлы екпеден бас тартқанын жиі естиміз. Оларға қандай кеңес берер едіңіз?
– 2016 жылы жаңа туған нәрестелердің вакцинамен қамтылуы жоғары болды. Дүниеге келген сәбилердің 97,9%-ы екпе алды. Бірақ, ақпарат құралдарындағы насихат жұмыстарына және вакцинадан бас тартатын ата-аналармен жүргізілген жұмыстарға қарамастан екпеден бас тартушылар әлі де бар. Мұның көбі діни себептерге байланысты болып отыр. Ата-аналардың қарсылығы салдарынан облыс бойынша жаңа туған нәрестелердің биыл 1,5 пайызы екпе алмаған. Сондықтан әр баланың ата-анасымен психолог, дәрігер фтизиатр, фтизиопедиатр, ЖТД түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ата-аналар үшін мынадай мәліметті келтірейін, биологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда туберкулез инфекциясы үшін ең осал топ – жас балалар. Сондықтан қазіргі уақытта туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерде ерте жастағы балаларды БЦЖ вакцинасына күмән жоқ. Соңғы 70 жылда әлемнің көптеген елдерінде жүздеген миллион адамдарға туберкулезге қарсы иммундау өткізілді.  ДДСҰ-ның ұсынысына сәйкес, БЦЖ вакцинасымен иммундау туберкулезді алдын алудың  ең маңызды амалы болып табылады. Қазіргі таңда ол әлемнің 64 елінде міндетті және 118 ел мен аумақта ресми түрде ұсынылған. Өйткені БЦЖ вакцинасын ерте енгізу туберкулездің ең қауіпті клиникалық нысандарынан қорғауды қамтамасыз етеді (атап айтқанда, миллиарды туберкулез және туберкулез менингиті).  ДДСҰ-ның есептеуінше, ерте жастағы балаларды екпемен жоғары қамту керек. Спецификалық туберкулездің алдын алудың негізгі әдісі жайылған және кең тараған ауру түрлерінің дамуынан нәрестені қорғау болып  табылады.
– Елбасы 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойды. Бұл ретте туберкулезбен ауыратындардың рейтингі негізге алынбақ.  Осы орайда туберкулезбен күресті медициналық тұрғыда күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берсеңіз?    
– Туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу нәтижесінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Бүгінгі күні туберкулезді диагностикалаудың жеделдетілген әдістері пайдаланылады. Науқастарды емдеу тегін жүргізіледі. Республикалық бюджет есебінен туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етілген.  Туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтау мақсатында жыл сайын ауыру қаупі жоғары тұлғалар үшін профилактикалық флюорографиялық тексерулер жоспары жасалады. Жыл сайын МСАК медицина қызметкерлері флюорографиялық  әдіспен туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтау мақсатында 300 мыңнан аса ересектер мен жасөспірімдерді қамтиды. 50 мыңнан аса балалар манту сынамасымен тексеріледі. Бала туған кезде және 6-7 жаста БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. Ауруды дер кезінде анықтағанда оны емдеу жеңілірек. Сол себепті облыс тұрғындарына айтарым, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, 2 аптадан артық жөтел кезінде медициналық мекеме дәрігерге жүгініп  және  жыл сайын флюоротексерістен өтулері қажет.
– Сұқбатыңызға көп рахмет. Оқырмандарымыз кеңесіңізді қаперге алатынына  сенімдіміз.  
Сұқбаттасқан Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
45 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
318 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
577 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
816 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
851 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1006 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1200 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1435 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1520 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1630 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1638 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1668 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1673 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1776 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1996 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2305 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»