М.ХАЙРУШЕВ: «БӨКЕЙ ХАНДЫ НЕГЕ БӨЛЕКТЕЙМІЗ?»
Орал қаласына қарасты Зачаган кентінің атауын өзгерту мәселесі көтерілуде. Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Камал Құбашевтың айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардан кенттің атауын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды негізге ала отырып, қалалық ономастикалық комиссияның жанынан құрылған жұмыс тобының отырысына Алаш, Жұбан, Бөкей хан атаулары жолданған. Осы орайда кенттегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Манарбек Хайрушев өз пікірін білдірді.
– Қазіргі оңтүстік аудандар орналасқан жерлерді 1770 жылға дейін қалмақтар мекендеген. Қалмақтар кейін жоңғар жеріне, кей бөлігі Қалмақ қырына үдере көшіп, бұл жер отыз жыл бос жатқан. Сол уақытта Бөкей хан көрегендік танытып, Ресей патшасына хат жазып, 1801 жылы бұл жер қазақтарға берілген еді. Сол жерге 5 мың түтін мен 30 мыңдай кісімен Бөкей хан көшіп келген. Уақыт өте ол жерге қоныстанған халық саны 300 мыңға дейін жеткен екен. Сөйтіп миллиондаған гектар жер қазақ халқының игілігіне өтті. Кентте Жәңгір хан атындағы университет бар. Ол Бөкей ордасынан келетін үлкен күре жолдың бойында Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Одан әрі Махамбет-Исатай ескерткішінің іргесінде Хан тоғайы бар. Бөкейдей ұлы тұлғаны Орал қаласымен байланыстыруға негіз жоқ емес. Бұл тоғайдың «Хан тоғайы» деп аталуының тарихын біреу білсе, біреу білмес. Осы тоғай – Ресей патшасы І Александрдың жарлығымен 1812 жылы Оренбург губернаторы Волконский бастап келіп Бөкейді ақ киізге салып, хан көтерген жер. Ал 1824 жылы Астрахань губернаторының қатысуымен Жәңгірді хан көтерген жер. Өкінішке орай, осы тарихи оқиға күні бүгінге дейін еш жерде айтылмайды. Мемориалдық тақта да қойылмаған. Бөкей атында не жер атауы, не ескерткіш, не көше жоқ. Сонда қазақ халқының мақтанышына айналған Исатай, Махамбет, Жәңгір, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей арасында қазақ халқына ұлан-ғайыр жер алып берген, хандық құрған Бөкей неге жоқ, оны неге бөлектейміз.
Егер Бөкей болмаса, жүрер едік біз қайда,
Шекараны өзге жұрт басқа жерден сызбай ма?
Егер Бөкей көшпесе, Еділ-Жайық бетке алып,
Құмнан аспай қалың жұрт қалар ма еді тоқталып, – деп ақын Ғайса-Ғали Сейтақ жырлағандай, кентімізге Бөкей ханның есімінен өзге үйлесімді атау табылмайды деп ойлаймын. Бөкей ханның туғанына 220 жыл толуына орай кентке тарихи тұлғаның есімін беріп, Желтауға ескерткішін орнату туралы пікірімді де көпшілік қолдайды деп сенемін, – дейді кент тұрғыны.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу