Мәңгілік мекеніңіз, соңғы сапарыңыз жұмақ болғай, ел абызы!
Осы аптаның 5 желтоқсаны күні Ақ Жайық өңірі тағы бір ардақты азаматынан айырылып қалды. Ол – Мемлекет және қоғам қайраткері, республикаға танымал тұлға, саясаткер, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан мықты басшы, «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы», отбасының үлгі тұтар асқар тауыЕсқалиев Нәжімеден Ықсанұлы болатын. Осы қаралы қазаға байланысты облыс әкімі Нариман Төреғалиев Есқалиевтер әулетіне қайғырып көңіл айтты.
«Ер есімі-ел есінде» демекші, биік адамгершілік пен парасатты өмір сүріп, айналасына ізгі жандарды жинап, бар күш-жігерін еліміздің дамуына арнап, отбасында жан-жары мен ұл-қызы сыйлайтындай үлгілі әке де, ата да бола білген, өз дара жолымен жүрген Нәжімеден Ықсанұлын соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 7 желтоқсан күні А.Н. Островский атындағы орыс драма театрында өтті. Қаралы қазаға өңір басшылары мен қарапайым халық өте көп жиналды. «Жайық үні» газетінің әлеуметтік желілерінде де Шолпан Қыдырниязова, алматылық Ғарифолла Көшенов, Донеділ Қажымовсынды көптеген өнер қайраткерлері, іні-қарындастары, жерлестері Есқалиевтер жанұясына арнап жүрек толқытар сөздерімен көңіл шерін тарқатты.
Білімі мен зердесі терең, кісілігі мол, көргені мен түйгені көп, биік таудай тұлғалы азамат, өнегелі ақсақалдың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында ұзақ сақталары анық. Елге сыйлы Абызымызды Алла тағала алдынан жарылқап, панасына алғай.
Бақұл болыңыз, қош болыңыз, Нәжімеден аға! Мәңгілік мекеніңіз, соңғы сапарыңыз жұмақ болғай, ел АБЫЗЫ!
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
1,2 млрд теңгенің спорт кешені. Жаңаөмірдегі нысан кімнің қолдауымен салынды?
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру