8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2019 2458 0
Қоғам

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

 Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ қала басшысы жуырда ғана халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленген жазушы Мира Шүйіншәлиеваны арнайы құттықтап, ілтипатын білдірді.

– Әр ұлт өз мәдениетін құрметтемесе, ол ұлттың болашағы жоқ. Елбасымыздың алдымызға қойған басты тапсырмаларының бірі – дамыған мемлекеттердің қатарынан табылу. Дамыған мемлекеттердің қатарына ену экономикалық немесе әлеуметтік деңгейіміздің көтерілуі ғана емес, мәдениет саласын да дамытумен байланысты. Мәдениет саласы қызметкерлері мәдениет саласымен қатар ұлтаралық келісімді нығайтуға және азаматтарымыздың рухани байлығын арттыруға күш салып келеді. Әр мерекелерде халыққа қуаныш, көтеріңкі көңіл сыйлайтын мәдениет пен өнер қызметкерлері.  Осы салада қажырлы еңбек етіп, шаһардың мәдениетін өркендетуге үлес қосқан жандар әрдайым құрметке лайық, – деді еркін форматтағы басқосуды ашқан шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.

Сонымен қатар қалалық мәслихат хатщысы Аққали Үмбетқалиев, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

Шараға  қатысқан мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, мәдениет және демалыс саябағы мен мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының ардагерлері сөз алып, өткен күннің естеліктерімен бөлісті. Шаһарымыздағы мәдениеттің деңгейін көтеруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, ширек ғасыр мәдениет саласында еңбек еткен Орал қаласының Құрметті азаматы Жайсаң Ақбай іргелі кәсіпорындарда еңбек ететіндердің арасынан өнерпаздарды біріктіріп, мәдениет бөлімдерін ашуды және мәдениет саласы қызметкерлерін ынталандыру мақсатында атақтар беру қажеттігін ұсынды.

Мәдениет саласында еңбек еткендердің басым бөлігі құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін де өнерден қол үзбейтінін жиынға келгендер дәлелдей түсті. Солардың бірі – осыдан 30 жылдай  уақыт бұрын зейнетке шыққан  Клара Саржанова. Ол зейнетке шыққаннан кейін өнерлі көпбалалы аналардың басын қосып «Ару аналар» ансамблін құрған. Бүгінде 85 жасқа келген Клара ханым жаңа құрам жинақтамақ ойда. 50 жыл мәдениетте еңбек еткен саланың құрметті ардагері Феликс Баюканский де зейнетке шыққанымен «Шабыт» студиясын құрып, балаларды өнерге тәрбиелеуде.

Ұзақ жылдар облыстық тарихи-өлкетану музейіне басшылық еткен Сара Танабаева өз сөзінде тәуелсіздік алған жылдардағы мәдениет саласының деңгейі мен қазіргі жетістігін атап, әсіресе соңғы бес жылда мәдениетке ерекше қолдау жасалғанын,  сала өрлеу жолында екенін атады. Ал кітапханашылық қызметте 35 жыл еңбек еткен Жібек Темірғалиева, 30 жылдық еңбек жолын кітапханаға оқырмандарды тартуға арнаған Елена Качурова сөз алып, қала басшысына мерекедегі құрметі үшін алғыстарын білдірді.

Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңіріміздегі мәдениет саласының републикалық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ  мәдениеттің күйремеуі үшін гүлді баптағандай, әрдайым қолдап, назар салып отырудың маңызына басымдық берді. Жазушы атап өткендей, сонда ғана кешегі Ғарифолла мен сал Мұхит, Құрманғазы мен Дина сынды дүлдүлдер салған өнер жолы жалғасып, жандана түспек.

Жиынды қала басшысы қорытындылап, жылы лебізбен сала ардагерлері мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Мерекелік шараны қалалық Жастар Мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрледі.

Атап өтейік, бүгінда Орал қаласында «Жастар» мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, мәдениет және демалыс саябағы, Мәдени-ағарту бірлестігі сынды төрт мекеме бойынша 600-дей қызметкер жұмыс жасайды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
33 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
125 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
348 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
835 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1213 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1124 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1572 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2187 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2354 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2360 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2414 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2895 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2949 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2944 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3526 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3514 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3491 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3652 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»