8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2021 1641 0
Қоғам

М.БЕРГЕН: «ЗАЧАГАНСК» АТАУЫН ӨЗГЕРТЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ»

Орал қаласына қарасты Зачаган кентінің атауын өзгерту мәселесі  көтерілуде. Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Камал Құбашевтың айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардан кенттің атауын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды негізге ала отырып, қалалық ономастикалық комиссияның жанынан құрылған жұмыс тобының отырысына Алаш, Жұбан, Бөкей хан атаулары жолданған. Осы орайда БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген өз пікірін білдірді. 


– «Зачаганск» атауын өзгертетін уақыт жетті. Бұл – Орал қаласының іргесіндегі «Зачаганск» кенті тұрғындарының көптен бергі арманы. Бұл мәселені жиі көтеріп жүрміз. Осы елдімекеннің тұрғыны ретінде Бөкей ханның есімі кент атауына лайық деп білемін. Оның қазақ елі үшін қалдырған ізі орасан. 1801 жылы Еділ мен Жайық ортасындағы жерді алуға рұқсат алған адам. Бұл үлкен тарихи оқиға. Бөкей ханның көрегендігі мен білімділігінің арқасында осы алып жерді иелендік. Осы сын сәтте елдігімізді көрсететін кез келді. Соңына елеулі із қалдырған тұлғаны елемесек, бұл – біздің қазақтығымызға сын, – дейді ардагер.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
40 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
377 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
397 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
373 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
416 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»