8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2019 1878 0
Қоғам

«ЛӘЗЗАТ» 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗДІ

Қасиетті Рамазан айына орай бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Ляззат» жеке кәсіпкерлігі отбасылық жағдайы қиын 100 отбасына азық-түлік өнімдерін жеткізді.

«Ләззат» жеке кәсіпкерлігі 20 шақты жылдан бері Орал қаласында көкөніс өнімдерін сатумен айналысып келеді. Әрі кәсіп иесі жыл сайынғы қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес.

– Қасиетті айдың шапағаты мол. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға жәрдеміміз болсын деген ниетпен біз де ұжымымызбен демешілік жасаймыз деп шешім қабылдадық. Кейбірі өздері келіп алып кетуде. Сондай-ақ Круглоозерный, Зачаганск, Желаев ауылдарының әкімдіктері де қолдау білдіріп, берген азық-түлігімізді отбасыларға жеткізуде, – дейді жеке кәсіпкерлік иесі Нұргүл Ашықова.

«Ләззаттың» демеушілігімен Зашаған кенті бойынша 37, Деркөлден – 20, Круглоозерныйдан – 10, Желаев ауылынан бес  және Орал қаласынан 28 отбасының әрқайсысы  30 келі картоп, 5 келі пияз алды.

Жоғарыда атағанымыздай, жеке кәсіп иесі әрдайым қайырымдылықтың басы-қасынан табылатын жомарт жан. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ол қаламызда алғашқылардың бірі болып, «әлеуметтік бұрыш» ашып, тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін жеңілдетілген бағамен сатуды қолға алған болатын.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»