Коммуналдық инфрақұрылым: өңірде жаңғырту жұмыстары жалғасады
Батыс Қазақстан облысында жылу беру кезеңі жоспарға сай аяқталды. Маусым барысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту жұмыстары тұрақты жүргізіліп, коммуналдық жүйелер қалыпты режимде қызмет көрсетті.

Жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы кезеңге дайындық мәселесі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық байланыс арқылы қатысып, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қазіргі таңда облыста жылу-энергетика саласын жаңарту бағытында бірқатар нақты шара қолға алынған. Соның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаражат көлемі 1 млрд теңгеге дейін көбейтілді. Бұл қаржы жылу орталығының техникалық жағдайын жақсартуға, өндірістік ғимараттарды жөндеуге және негізгі жабдықтарды жаңартуға бағытталмақ.
Жол картасы аясында ЖЭО бойынша 11 өндірістік нысанды қалпына келтіру және маңызды құрылғыларды ауыстыру көзделген. Осы жұмыстардың нәтижесінде нысанның тозу деңгейін 83 пайыздан 60 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жылу жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Өткен маусымда «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы шеңберінде Ақжайық және Теректі аудандарында жаңа қосалқы станциялар мен модульдік қазандықтар іске қосылды. Бұдан бөлек, электрмен жабдықтау саласында 905 шақырым желі және 29 қосалқы станция жөндеуден өтті. Нәтижесінде электр желілерінің тозу көрсеткіші 75,4 пайызға дейін азайды.
Алдағы жылдары облыстың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кең көлемде жалғасады. «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы тізіліміне өңір бойынша жалпы құны 32,6 млрд теңгені құрайтын 13 ірі жоба енгізілген. Оның ішінде Орал қаласындағы №6 және №7 жылу магистральдарын, сондай-ақ 12 аудандағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары бар.
Жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін өңірдегі жылу желілерінің тозу деңгейін 43 пайызға дейін төмендету көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге және алдағы жылыту маусымдарын тұрақты өткізуге негіз болады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі басты назарда болатынын атап өтті. Аймақ басшысы жауапты мекемелерге барлық жөндеу, жаңарту және дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды тапсырды.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру