Оралда бет-әлпетті тану жүйесі арқылы велосипед ұрлығы жедел ашылды
Оралда бет-әлпетті тану жүйесі арқылы велосипед ұрлығы жедел ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығына велосипед ұрлығы фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары дереу ұйымдастырылды. Заманауи технологияларды, атап айтқанда бет-әлпетті тану жүйесін пайдалану нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Ұрлық бейнебақылау камераларына түскен.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қылмыс жедел түрде ашылып, күдікті ұсталды. Ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды. Иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады және күмәнді жағдайлар туындаған кезде «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру