8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2026 108 0
Экономика

Индустриялық аймақта жаңа МГТЭС орнатылады

Батыс Қазақстан облысында өңір экономикасын әртараптандыру, энергетикалық тұрақтылықты күшейту және өндірістік жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта индустриялық аймақ аумағында жаңа инвестициялық бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр.


Аталған бағыттар облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің «Vega Power» компаниясының басшылығымен кездесуінде талқыланды. Тараптар энергетика және өндіріс салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде табиғи газбен жұмыс істейтін модульдік газтурбиналық электр станциясын салу мәселесін қарастырды.

Жобаның негізгі мақсаты – өңірдің энергетикалық қуатын арттырып, өндірістік нысандарды тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау. Қуаттылығы 26 МВт болатын электр станциясын салу үшін 3 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда жоба өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданды.

Кездесу барысында инвесторлар атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап, құрылыс жұмыстарын маусым айына дейін бастауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Сонымен қатар, холдинг өңдеу өнеркәсібі бағытында тағы 15 жобаны іске асыруға ниетті.

Облыс әкімі инвестициялық жобалардың өңір үшін маңызын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге ол инвесторларды жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырып, құжаттарды рәсімдеу және техникалық мәселелерді жедел шешу үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
45 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
40 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
43 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
228 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»