«Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» инвестициялық форумы өтті
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті. Аталған жиын өңірдің экономикалық әлеуетін кеңінен таныстыруға, бизнес қауымдастықпен байланысты нығайтуға және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталды.
Форумға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Дүйсембеков, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андақов, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Жақыбаев, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қатысты.
Маңызды шара өңірдегі жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың инновациялық жобалар көрмесінен басталды. Көрмеде жаңа технологияларға негізделген бастамалар, өндірістік шешімдер мен экономикалық тиімділігі жоғары жобалар таныстырылды. Бұл алаң инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер үшін өзара тәжірибе алмасуға және жаңа әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Форум барысында Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті туралы бейнеролик көрсетіліп, өңірде жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта қолға алынатын жобалар жайында баяндалды. Қалдықтарды қайта өңдеу, энергетика, логистика, фармацевтика және өндіріс салаларына қатысты бірқатар ірі бастамалар талқыланды. Атап айтқанда, жылына 100 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салу, газтурбиналық электр стансасын іске қосу, «Еуразия» логистикалық хабын құру, фармацевтикалық препараттар шығару бағытындағы жобалар таныстырылды. Бұл бастамаларға оңтүстік кореялық, қытайлық және ресейлік компаниялар қызығушылық танытып отыр.
Өз сөзінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев инвестиция тарту өңір дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвестициялық жобаларды әртараптандыру, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп келеді.
Нариман Төреғалиев кейінгі үш жылда Батыс Қазақстан облысының экономикасына 2,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын жеткізді. Бұл көрсеткіш өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды. Сонымен қатар жаңа жобалардың жүзеге асуы жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.
Форумның маңызды бөлігі инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналды. Бұл бағытта облыс әкімдігі мен прокуратура органдарының бірлескен жұмысы ерекше атап өтілді. Инвесторлар үшін ашық әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту және жобаларды сүйемелдеу – өңірдегі инвестициялық саясаттың басты міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.
Жиын қорытындысы бойынша қалдықтарды өңдеу, энергетика, қонақ үй бизнесі және құс фабрикасын салу бағыттары бойынша ынтымақтастық жөніндегі бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ құрылыс, машина жасау, металлургия және туризм салаларының дамуына үлес қосқан компания басшылары арнайы марапаттарға ие болды.
«Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» форумы Батыс Қазақстан облысының инвестиция тартудағы мүмкіндігі жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді әріптестікті нығайта түсті. Ал форум аясында ұсынылған жобалар алдағы уақытта өңір экономикасының дамуына, жаңа өндірістердің ашылуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етпек.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру








