8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2026 28 0
БІРЛІК

«Әртүрліміз, бірақ мақсатымыз – бір…»

Тамыры терең тарихтан нәр алған елімізде татулық пен келісім – ең асыл құндылықтардың бірі. Жер жүзінің әр қиырынан келіп, бір шаңырақ астында табысқан халықтар бүгінде ортақ Отанын қадірлеп, болашағын бірге өріп келеді. Осы орайда біз әртүрлі ұлт өкілдерінің жүрекжарды тілектері мен ой-пікірлерін ұсынамыз.

Элгун ДЖАНАЛИЕВ, облыстық ассамблея жанындағы «Бірлік» әзербайжан мәдени-ағарту қоғамы» бірлестігі төрағасының орынбасары, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы өкілдігінің төрағасы: 

Қазіргі жастардың бойындағы ашықтық пен заманауи көзқарас татулықты сақтауда шешуші рөл атқарады. Бір-бірімен диалог еркін құра алады.  Ортақ қызығушылықтары (еріктілік, спорт, IT) арқылы достық байланыс орнатады. Әзірбайжан және қазақ халқының тамыры бір, тарихы тағдырлас.  Тілі түркі тілдес халықтар ретінде сөздеріміздің ұқсастығы мен діни наным-сеніміміздің ортақтығы. Мәдениет пен әдебиетіміз Қорқыт ата мұрасынан бастап, заманауи классиктердің шығармаларына дейін ұқсас. Салт-дәстүрімізде қонақжайлық, үлкенге құрмет және отбасылық құндылықтарды сақтауға мән береміз.

Өзге этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруі бұл тек қарым-қатынас құралы емес, бұлазаматтық жауапкершілік пен құрметтің нышаны. Мемлекеттік тіл барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастыратын негізгі күш. Тілді білу арқылы жастар мемлекеттік қызметте, қоғамдық жұмыстарда және елдің ішкі саясатында белсенді бола алады. Тіл арқылы халықтың жанын, тарихын және болмысын тереңірек сезінуге болады. Біз әртүрліміз, бірақ мақсатымыз бір. Еліміздің әрбір шаңырағында татулық, достық болсын! Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
80 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
119 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
300 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»