8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2023 2511 0
Мәдениет

Кітап күні тойланды

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «КІТАП шоу-2023» фестивалі өтті.

Фестивальді Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ақын Сағынтай Бисенғалиев, БҚУ профессоры Абат Қыдыршаев және жазушы Мира Шүйіншәлиева сөз сөйлеп, оқырман қауымды кітап күнімен құттықтады.

Шара барысында «Жайықтың жауһарлары» инсталляциялы кітап көрмелер циклі аясында Ақ Жайық өңірінен шыққан белгілі тұлғаларға арналған алаңдар қонақтар назарына ұсынылды.

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасына 60 жыл толуына орай поэтикалық слэм өтті. Поэманы Бәйтерек ауданы, Достық ЖОББМ оқушылары толықтай жатқа оқып шықты.

Шара соңы ақын Ғайса-Ғали Сейтақтың «Жайықтың жайсаң ақыны» атты шығармашылық кеші және ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Таудаева Сауле Жаманқызының 65 жасқа толуына арналған «Саз Саулесі» атты кездесу кешіне ұласты. Кітапхана директоры Шолпан Қуанышқалиқызы гүл шоғын ұсынып, ақжарма лебізін білдірді.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
126 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
304 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»