КАРАНТИНДІК РЕЖИМ. БҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ
БҚО-да карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.
Бір тәуліктің ішінде Батыс Қазақстан облысында 6 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. 15 сәуір күнгі мәлімет бойынша облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 18 жағдайы тіркелді. Оның басым бөлігі, яғни 14 жағдай сырттан келген. 4 жағдай бойынша тіркелген науқастар олармен қарым-қатынаста болғандар.
Осы ретте Мемлекеттік комиисияның жедел штабы карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. 16 сәуірден бастап облыс аумағында қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ азық-түлік базарлары мен банк бөлімшелері, Қаз Пошта да жұмысын уақытша тоқтатады.
БҚО бас мемлекеттік санитар-дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, бұл коронавирустың өсу жағдайын тоқтату мақсатында қабылданып отыр.
– Қазір облыс аумағында адамдардың қозғалысы тыйылмай тұр. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта індеттің бетін қайтару маңызды. Адамдардың қозғалысын шектеу арқылы ғана коронавирустық инфекцияны жеңеміз. Өңір тұрғындарынан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймын, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.
Ресми тіркелген және STOPCOVID.KZ сайтына деректері енгізілген таксилердің ғана қозғалысына рұқсат.
Версия для печати
Пікір үстеу