8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2019 1138 0
Қоғам

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерліктің даму белсенділігі жағынан өзге өңірлер арасында көш бастап тұр, яғни алдыңғы үштікке кіреді. Өңір кәсіпкерлері заң аясынан аспай, салықтарды уақытылы төлеп отыр. Бүгін облыс әкімдігінде өткен еліміздің барлық даму институттарын біріктіретін «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес компаниялары өкілдерінің өңір кәсіпкерлерімен басқосуында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин осылай деді. Жиында «Қазақстан – 2050» стратегиясында қойылған мақсаттарға жету және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сол арқылы ел экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу жолдары талқыланды.

Өңір басшысы Ғали Есқалиевтыңтөрағалығымен өткен жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік бағдарламалардың қаржы операторлары, екінші деңгейдегі банктер басшылары және өңір кәсіпкерлері қатысты.       

– Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіру стратегияларының бірі бизнес аясын кеңейту және ол үшін барынша жақсы жағдай жасау болып табылады. «Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы Жер», «Нұрлы Жол», Инндустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «2020 Бизнестің Жол картасы» секілді мемлекеттік бағдарламалардың түйінді операторы болып табылады. Мәселен, «Қазақстан Даму банкі» арқылы облысымызда 59 млрд. теңгеге жеңілдік несиелер берілді. Евро-5 бензинін шығаруға бағытталған «Конденсат» компаниясы мұнай өнімдерін өңдеу қуаттылығын жаңғырту жобасын іске асыруда. Орал трансформатор зауыты еліміз бойынша панельдік трансформаторларды шығаруды қолға алып, бүгінде екінші зауыт ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, бұл трансформатор зауытының 95% өнімі экспортталады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау арқылы жиһаз шығаратын «Квант» компаниясы өз өрісін кеңейтіп, екінші фабрикасын іске қосуға ниеттенуде. Соңғы үш жылда облысымыздағы «Орал трансформаторлық зауыты», «КазАрмапром» ЖШС, «Орал» құс фабрикасы, «Рахат Орал» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» секілді ірі кәсіпорындарға «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы арқылы 12,2 млрд. теңге қолдау көрсетілді. «QazTechVentures» АҚ-ның қолдауымен «Стекло-Сервис» ЖШС, «Орал полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС және «Орал трансформатор зауыты» ЖШС компаниялары жұмыс істеп тұрған өндірісті технологиялық дамытуға жалпы сомасы 886,5 млн.теңгеге инновациялық гранттар алды. Сол қолдаулардың көмегімен аталған кәсіпорындарда өндіріс аумағы жаңғыртылып, технологиялық процесс жақсарды. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында облыс әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Соңғы үш жыл ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 298 жоба қолдау тапты. Сондай-ақ 2,1 млрд. теңге кепілдік беру сомасына 176 жобаға қол қойылып,  112 млн. теңгеге 64 мемлекеттік грант берілді. Дегенмен, біздер осы қаржы институтарымен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарды әлі де болса жандандыра түсуіміз керек. Олардың тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары арқылы өңір әлеуетін одан әрі арттыру жолдарын қарастыратын боламыз, – деді жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Ал «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшиннің мәлімдеуінше, кәсіпкерліктің даму белсенділігі жағынан Батыс өңірі еліміздің өзге облыстары бойынша алғашқы үштікке кіреді. Батысқазақстандық кәсіпкерлер заң шеңберінен шықпай, белгіленген салықтарды уақытылы төлеп отырады. Сонымен қатар бұл өңірдің өнім өңдеу, машина жасау мен металлургия, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға әлеуеті зор. Әсіресе, құс етін өндіру жолға қойылған. Осы бағыттағы жұмыстардың алға өрлеуі үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасау маңызды.  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған. Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін басқару болып табылады. Бүгінде холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірген. Холдинг өз қызметін бастаған уақыттан бері 366 мың жұмыс орыны ашылған. Сонымен қатар 1,3 триллион теңгенің өнімі шет мемлекеттерге шығарылған болса, салықтық түсім  4,4 триллион теңгені құраған.

Сондай-ақ жиында сөз алған «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов банктердің несие беру жүйесі, «Даму» АҚ басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева шағын және орта бизнесті қолдау, «Kazakhstan Project Preparation Fund»  ЖШС басқарма төрағасы Әділ Өтембаев жобаларды қолдау мен қаржыландыру, кеңестер беру, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов елдегі тұрғын үй бағдарламалары туралы ойларымен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев: – Бүгін біздің өңірде келелі кездесу өтті. Күні бүгінге дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өңіріміздегі ірі кәсіпорындарға әрдайым қолдау көрсетсе, «Даму» қоры облыс көлеміндегі шағын және орта бизнес саласын қаржылық жағынан демеп келеді. Жыл соңына дейін жаңа инвестициялық жобаларды анықтап, даму институттары тарапынан қолдауға ұсынуымыз керек, – деді.

Түстен кейін өңір кәсіпкерлері өндіріс орындарында болып, даму институттарының басшыларымен жүздесті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
74 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
188 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
440 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
701 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
939 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
974 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1127 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1323 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1553 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1641 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1752 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1759 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1790 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1793 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1896 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2117 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»