8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 1798 0
Қоғам

КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ БІРІКТІРГЕН КАФЕДРА

Осыдан 18 жыл бұрын ақпараттық технологиялар және басқару институтының  Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңірімізде мамандар дайындауда өз жұмысын бастаған болатын. Сол жылы аталған оқу орнының экономика факультетінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрылған. Бүгінгі күні аталған кафедра өз алдына қойылған міндеттер бойынша жеке шешім қабылдай алатын, әр түрлі бағыттағы кәсіби мамандарды біріктіріп отырған бірегей, біртұтас, күрделі жүйедегі құрылым саналады.

Қоғамдық және гуманитарлық пәндер кафедрасы алғаш университет табалдырығын аттаған болашақ мамандарға теориялық және практикалық деңгейде іргетас қалайды, жұмыста өзіндік стилі, қоршаған орта жайында өзіндік пікірі бар, жан-жақты шығармашылық тұлға қалыптастыруға атсалысады. Алғашында экономика факультетіне қарасты құрылған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы әр жылдары атауы өзгеріп, Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы болып аталып, кейін өз алдына кафедра болды. Қазіргі таңда Қоғамдық-гумантарлық пәндер кафедрасы болып табылады.

Кафедра дамуына үлес қосты

Экономика факультетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына әр жылдары білікті мамандар Б.Амантаева, Ғ.Кисметова, Г.Кенжина, Ж.Ахатова,  Ә.Уабиева, М.Сағын, Ә.Казетова, М.Хасанова, Ә.Казетова меңгерушілік етіп, оқу орны мен кафедраның дамуына өз үлестерін қосқан.

2016-2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Қоғамдық және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етіп келемін.

 

Сан қырлы мамандық өкілі

Кафедра ашылғаннан бері университетте «Аударма ісі» мамандығына студенттер қабылданып, білім алып келеді. Қазіргі аудармашы – бүгінгі таңда халықаралық стандарт бизнес  және нарық қатынастары саласында міндетті  нысанаға айналып отыр. Халықаралық  экономикалық  байланыстардың  дамуы бизнес пен өндіріске  қажетті  басымдылық рөл  атқаратын маман ретінде – аудармашы дайындау  қажеттілігін күрт өсірді. Қазіргі аудармашы – күрделі  ғылыми-техникалық, экономикалық және саяси мәселелерде кәсіби еркін жұмыс істей алатын, сан қырлы мамандық өкілі. «Аударма ісі» мамандығын бітірген түлектерге «аударма  ісінің бакалавры»  дәрежесімен жоғары  білім туралы диплом беріледі.

Кафедра оқытушыларының арасында әдістемелік жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу белсенді жүріп отырады. Өзара сабақтарға қатысу барысында оқыту үрдісінде қолданылған дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың әлсіз және тиімді тұстары баса көрсетіліп, талқыланып отырады. Ерекше назар тек кафедра оқытушыларының сабақтары мен түрлі бағытта өткізілген шараларына қатысу ғана емес, сонымен қатар университеттің басқа да оқытушыларымен тәжірибе алмасуына да көңіл аударылады. Жалпы кафедрадағы  оқу-әдістемелік жұмыс кафедрада бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіруге, оқу үдерісін оңтайландыруға, белсенділікті арттыруға, әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсартуға, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында жоспарға сай 6 ашық сабақ өтті. Сабақтардың басым көпшілігі оқытудың жаңа технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізілді. Ашық сабақтар барысында тренинг, пікірталас, дебат, ойын, тағы басқа оқу үрдісінің сапасын арттыратын оқытудың инновациялық формалары мен аудио-видео материалдар қолданылды.

Алдағы оқу жылында білім беруде инновациялық оқыту технологияларын тиімді қолдана отырып, оқытудың қазіргі кезеңдегі жаңа әдіс-тәсілдермен, жаңашылдықпен толықтыру жоспарланып отыр. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқыту үрдісінде мультимедиялық проекторды тиімді әрі ұтымды қолдану көзделуде. Кафедраның оқытушылық құрамын педагогикалық біліктілікті, шеберлікті арттыру курстарынан өткізу, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу, жинақтау алдағы оқу жылында тұрған басты міндеттердің бірі болып қала бермек.

Ғылыми әлеуеті жоғары

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында, соның ішінде Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университеті ғылыми кадрлардың әлеуетін тиімді пайдалану өзекті мәселе.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыс жоспарларын құрып, активті қалыптастыру үшін және кафедраның тарих, философия, әлеуметтану және саясаттану, психология және қазақ тілі бағыттары бойынша студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт беру үшін кафедра отырысы өтті. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы  Ассамблеясының сараптама құрамына Құрманғазы Қайыржанов ғылыми сарапшы болып тағайындалып, конференциялар және дөңгелек үстелдер сонымен қоса ғылыми іс-шараларға қатысып келеміз.

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ғимаратында ғылыми қызметкерлер, ғарышкерлер күніне және «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің мәуелі бәйтерегі «АНДАС» оқу орталығының 25 жылдығына орай, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдаудағы міндеттерді іске асыру аясында «Еуразия өзенаралығы: білімнің салтанат құруы, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік» атты VІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында көрме ұйымдастырылып, «SMART CITY-Ақылды қала» атты оқушылар мен студенттер арасында облыстық ғылыми жобалар байқауын өткіздік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланып, 18 оқулық таныстырылды.

Үйірме жұмысы жолға қойылған

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасында бес түрлі ғылыми-зерттеу үйірмелері жұмыс жасайды. Әр үйірменің жұмыс жоспарлары, жұмыс кестелері құрылған. Өз алдына мақсат-міндеттері айқындалған.   Кафедрада «Эрудит» зияткерлік студенттік үйірмесі де жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үйірме студенттерімен туған өлкенің тарихымен байланысты іс-шаралар өткізілді. Үйірменің барлық сабақтары оқылатын материалды терең меңгеруге, сөздік қорын жақсартуға, тілді дамытуға, сондай-ақ тілді құрметтеуге, туған өлке мен Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етті. Студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Баскетбол» үйірмесі қыркүйектен бастап өз жұмысын атқаруда. Кафедрада бес түрлі үйірменің бірінші жартыжылдықта жеткен жетістіктері мен қайнаған жұмыстары жалғасын таба бермек. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның көкейкесті мәселелерін шешуге тарту, студенттердің білім және ғылым байланыстарын дамытуға көмектесу – мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың әлеуетін ғылымның және техниканың түрлі көкейкесті мәселелерін шешуге пайдалануға мүмкіндік береді.

Ағымдағы оқу жылында жарық көрген Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында түбегейлі жаңа мақсаттар қойып, «білім – ғылым – инновация» ұстанымы  бойынша басты бағыттарды айқындап берді. Ұлт жоспарын жүзеге асыруда жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысының  деңгейіне ерекше назар аударуды талап етіп отыр. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыс жоспарларын құрып, активті қалыптастыру үшін және кафедраның тарих, философия, әлеуметтану және саясаттану, психология және қазақ тілі бағыттары бойынша студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт беру үшін кафедра отырысы өтті.

Бізде  бес түрлі ғылыми-зерттеу үйірмелері жұмыс жасайды. Әр үйірменің жұмыс жоспарлары, жұмыс кестелері құрылған. «English club» студенттік клубының студенттері ғылыми бағытта да жұмыс атқарады. Биылғы  оқу жылында өткізілген іс-шаралардың ішінде патриоттық тәрбие беру бағытындағы шараларды ерекше атап өтуге болады. Кафедраның қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ерекшелігін ескере отырып, студенттердің тәрбиелік белсенділігін арттыру мақсатында түрлі дөңгелек үстелдер, әдеби-сазды кештер, әңгіме сағаттары жиі өтіп тұрады.

Вилора ТАПАҚОВА, ҚазИИТУ-дың Қоғамдық және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
332 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
434 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
677 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
944 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1168 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1207 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1360 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1553 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1785 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1872 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1984 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1989 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2023 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2022 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2129 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2351 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»