8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2018 1787 0
Қоғам

Көңілді толтырған тоғыз ай

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 20-шы сессиясында Батыс Қазақстан облысының әкімі  Алтай Көлгінов үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы халық қалаулылары алдында есеп берді.  Сессия соңында депутаттар әкімнің тоғыз айдағы атқарған жұмысын оң бағалады. 

Облыстық мәслихат залында өткен сессия жұмысында баяндама жасаған Алтай Сейдірұлы алдымен 5 қазандағы Елбасы Жолдауында айтылған халық табысының артуы, тұрмыс сапасының көтерілуі, қолайлы ортаның қалыптасуына бағытталған, барлық аймақтық бағдарламалар, мақсат пен міндеттерге тоқталды. Өңір үшін маңызды оқиғалардың бірі Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары екенін ойға оралтқан А.Сейдірұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұмыс сапары өңіріміздің дамуына тың серпін бергенін, Президентіміз облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бойынша нақты тапсырмалар жүктегенін,  күн тәртібінен түспеген жол мәселесі, өңір экономикасында орны бар өндіріс ошақтарының проблемалары талқыланғанын атап өтті.

– Мысалға, «Зенит» және «Гидроприбор» зауыттары бойынша 3 жылға тапсырыстармен жүктемелеу жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Энергетика министрлігі «Конденсат» акционерлік қоғамымен  мұнайды тасымалдау кестесін бекітті. «ЗКМК» Акционерлік Қоғамы қазақстандық арнайы өнімдердің жаңа өндірістерін игеру бойынша еуропалық компаниялармен озық технологияларды өңірімізде іске асыру қарастырылды. «Омега» өндіріс ошағының аумағында «Орал трансформатор зауыты» екінші зауыт салуды жоспарлауда. «Квант» компаниясының өнім түрлерін ұлғайтуды және өндірісті кеңейтуді қаржыландыру бойынша Даму банкісімен несие бөлу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ компания екінші фабриканы салуды бастады. Республикалық маңызға ие Орынборға дейінгі 144 шақырым жолын қайта жаңғырту бойынша «Қазавтожолдың» қатысуымен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды. Жол құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда. Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына апаратын 275 шақырым – республикалық маңызды автожол құрылысына, «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде.  Жол құрылысы келесі жылдан басталады. Сайхыннан Хан ордасы елдімекеніне дейінгі жол салынатын болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады, – деді облыс әкімі А.Көлгінов.

 

Ауыл шаруашылығы дамыды

2018 жылы ауыл шаруашылығын қолдау шараларына 12 млрд. теңге бөлінген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 104 млрд. теңгені құрады. Дәнді дақылдардың жалпы егістік көлемі 513 мың. га. 244 мың гектар дәнді дақылдың егінін жинау алаңынан 168 мың тоннадан астам астық жиналды. Өңірдегі қысқы дәнді дақылдардың жалпы көлемі 76 мың га (101,3%) құрайды. Алдағы қыс маусымына 1,5 млн тонна мал азығы жиналған. Яғни қажеттілік 103,2%-ке орындалды. Ірі қара мал өткен жылғыдан – 5 пайызға, жылқы – 9, құс – 46 пайызға өскен. 2,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, агроөнеркәсіп инвестициялық жобалар жүзеге асқан.

– «Кублей» компаниясында малдың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобасы іске қосылды. «Теректі май» компаниясында күнбағыс майын өндіретін зауыт қайта жаңғыртудан өтіп, өз өнімдерін экспортқа шығарса,  «Желаев нан өнімдерінің комбинаты» АҚ-ында макарон өнімдерін өндіретін фабрика пайдалануға берілді. Зеленов ауданында «DMD PRODUCTION» компаниясы қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын консервіленген көкөністер мен жемістерді өндіруге арналған зауыт салуда. «Орал жылыжай комбинаты» жалпы аумағы 5 га құрайтын жылыжай кешенінің құрылысын жүзеге асыруда. Ветеринариялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына 1 млрд.-тан астам теңге бөлінді. Ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін вакцина толық көлемде – 4.5 миллион дозаға  жеткізілді. Барлық 148  ветеринарлық бекет ғаламтор  желісіне қосылды. Бұл жерде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жұмыс жасалуда. Жаңақала ауданындағы жалпы суармалы жер учаскелерінің аумағы 16,5 мың гектарды құрайтын «Төртқұлақ-Қарасу» суару құрылғыларын күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндікті кеңейтеді.  «Орал-Шалқар» каналын сумен жабдықтауға арналған қалқымалы сорғы станциясы бар су қоймасының құрылысы жүзеге асуда. Бұған қоса жалпы ұзындығы 180 шақырымдық «Киров-Шежін» каналын, Ақжайық ауданы аумағындағы «Солянка-Азнабай-Тайпақ» каналын Ақжайық су қоймасын күрделі жөндеуімен қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, суармалы ауданы 15 мың гектардан астам «Сакрыл» және «Мамай» суармалы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, – деген бандамашы бұдан әрі кіші және орта бизнес саласының жұмыстарына тоқталды.

Елбасы Жолдауында айтылғандай «Жол картасы бизнесі – 2020» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылғанын, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары бойынша өңірде тың жобалар  жүзеге асып  жатқаны жөнінде дәйекті мысалдар келтірді.  Бұған қоса биыл табиғаттың қуаңшылығынан астық өнімдерінің аз жиналғанын, алайда солтүстік өңірлерден тиісті астық алынғанын ойға оралтты. Өңірдегі және Орал қаласындағы жол жөндеу мәселелеріне де тоқталып:

–  Жәнібек ауданына 1989 жылдан бері жол салынбағанын жергілікті тұрғындар айтып берді. Тап сондай тегіс жол Сайқында да салынды, көше жолдары жөнделді. Елбасының тапсырмалары бойынша енді осы аудандарда күрделі жол жөндеу жұмыстары басталады. Сол секілді Бөкейге, Жалпақталға су барды. Таза сумен елді мекендерді қамтамасыз ету 45 пайызға жетті. Бұдан әрі 50 пайызға жеткізу жоспарда бар, – деді облыс әкімі А. Көлгінов.

 

100 грант бөлінді

Мемлекет басшысы бес жыл ішінде білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ЖІӨ-нің 10 пайызына  дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету 69,4, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100 пайызды құрайды. Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 26 бірлікке көбейіп, 500-ге жеткен. Оның 52-сі жеке балабақшалар.               Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістері мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екенін атап өтті. Осы бағытта «Bilim Land» білім беру порталының жоғары сапалы мазмұнын қамтамасыз ету, қалалық және ауылдық мектептердің білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық 223 шағын жинақты мектепке жалпы құны 312 млн. теңгені құрайтын 567 бірлік «Білім кітапшасы» компьютер-трансформерлер сатып алынған. «Нұр Отан» партиясымен бірге 15 IT-сынып ашылып, IT-лицей жұмыс істей бастаса, келесі жылы партиялық жоба бойынша тағы 50 IT-сынып ашылмақ. Қазіргі уақытта 5 білім беру нысаны, яғни Орал қаласының Деркөл кентіндегі 600 орындық мектеп, Ақжайық ауданының Шардаржап ауылындағы 198 орындық мектеп, Ақсай қаласындағы 240 орындық балабақша, Зеленов ауданының Дариян ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы мектептің 70 орындық интернат пайдалануға берілмек. Сонымен қатар Орал қаласының «Сарытау» шағын ауданындағы 900 орындық мектеп және Қазталов ауданы Қазталов ауылындағы саз мектебінің құрылысы аяқталған. Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы 48 орындық сауықтыру лагерінің құрылысы жалғасуда. Жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау үшін облыста сұранысқа ие мамандықтар бойынша жергілікті бюджеттен 100 грант бөлінген. Бес  апатты мектеп пен үш ауысымдағы бес  мектепті жою бойынша Білім  министрлігімен жұмыс жасалуда.

 

Қосымша емхана салынады

Денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында екі жоба жүзеге асырылған. Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға құны 550 млн. теңге тұратын магниттік-резонанстық томограф алынып, 117 млн. теңгеге Шыңғырлаудың Лубен ауылына ауысымына 35 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынған.

Денсаулық саласындағы жұмыстарға айрықша тоқталған өңір басшысы  А. Сейдірұлы кардиологиялық ауруханада орынның тапшылығын, науқастардың кереуеті дәлізге дейін орналасқанын, осының бәрін өз көзімен көргенін жеткізді. Баяндамашы болашақта кардиологиялық орталық үшін қосымша корпус салу ойда бар екенін ашып айтты. Елбасы Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханаларда медициналық құжаттарды қағазсыз цифрлық жүйеге көшіру, электронды денсаулық паспортын жасақтау тапсырылған еді. Құжат айналымын қағазсыз жүргізу өңірімізде биылғы жылдың басынан басталды. Бүгінде 121 есепті үлгінің 108-і қағазсыз толтырылуда. Қалғаны жыл аяғына дейін көшірілмек. Ал электронды денсаулық паспорты барлық тұрғындарда бар.

Елбасы Жолдауында аймақтық деңгейде халықтың спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолжетімділігін арттыруға басымдық берілген болатын. Бұл бағытта өңірде 30 спорт алаңы салынған. Жыл аяғына дейін тағы 23 алаң салынады деп күтілуде. Бұл ретте «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауы ерекше. Бюджет есебінен келесі жылы Ақжайық, Тасқала, Жаңақала, Қазталов аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын салу мәселесі қарастырылуда. Бұдан бөлек «Нұр Отан» партиясымен бірлесе 100 спорт алаңы құрылысының жол картасы дайындалған. Осы жоспарлар жүзеге асса, 2019 жылдың соңына дейін жаппай спортпен айналысатындар саны көпшілік спортпен айналысушылар саны жалпы халықтың 30 пайызын құрайтын болады.

 

                            «Рухани жаңғыруда» жемісті істер көп

  • Бүгінде басты басымдықтардың бірі экономиканы цифрландыру. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдегі түрлі салаларда 40-тан аса жобалар жүзеге асырылуда. «Қолжетімді әкімдік», мамандандырылған ХҚКО, көші-қон ХҚО «Smart Uralsk» орталығы және басқа да сервистер ашылып, жұмыс жасауда. Облыс 100 пайыз интернетпен қамтылған. Бірақ, оның сапасы маңызды. Бұл мәселе ҚР АКМ-мен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында реттелуде. Нәтижесінде 92 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық маңызға ие «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл жұмыста депутаттық корпус үлкен қолдау көрсетуде. Бағдарлама аясында биыл 175 мыңға жуық адамды қамтыған 350-ден астам маңызды шара өткізілді. Демеушілер мен меценаттар көмегімен 166 жоба жасалды. Облыс орталығында  меценаттар  арқылы ерекше мұқтаж адамдарға арналған құны 200 млн. теңгеге үй құрылысы жүргізілуде. Жоспарымызда тағы 43 жоба бар. Республикалық қасиетті орындар тізіміне енген облыстағы 7 нысанға жолдар тарту мен инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар қолға алынып, бұл  жұмыстардың нәтижесінде ішкі туризмнің дамып, облысқа келетін туристердің саны артады деп күтілуде. «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірге «Crowdsourcing.kz.» жобасы іске асуда. Бүгінгі күні 150-ден астам жоба ұсынылып, дауыс берілген. Ең жақсы ұсынылған жобаларды Орал қаласы әкімдігі жүзеге асыратын болады.

– Мінекей, тоғыз ай ішінде өңіріміз осындай әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Бұл – барлық мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Біз атқарылған жемісті жұмыстарымызбен тоқтап қалмай, алдымызда тұрған зор міндеттерді жұмыла атқаруға тиіспіз. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» мемлекеттік және басқа да салалық бағдарламаларды сәтті жүзеге асыруымыз қажет. Бұл тапсырмалар Елбасының Жолдауында нақты айқындалған. Сондықтан баршаңызды еліміздің бәсекеге қабілетті 30 мемлекет қатарына кіруіне, облысымыздың одан әрі көркеюіне үлес қосуға шақырамын, – деп баяндамасын түйіндеді өңір басшысы А.Көлгінов.

ТҮЙІН: Облыс басшысының баяндамасын ұйып тыңдап, тоғыз ай ішінде Ақ Жайықта атқарылған жұмыстарды  оң бағалаған халық қалаулылары алдағы уақыттың еншісінде тұрған кейбір сала бойынша сауалдарын жолдады. Облыстық мәслихат депутаты Т.Қаратайұлы қардың  суын қыста ұстап қалу керегін қаперге салды. Бұл жайтты дұрыс деп есептеген облыс басшысы табиғаттың беріп тұрған мүмкіндігін дер шағында пайдалану үшін қолдан келетін мүмкіндіктерді атап берді. Сол секілді депутат Л.Тұрсынова  облыста учаскелік полицейлердің жұмысын жандандыру, жағдай жасау тұрғысында сауал жолдады. Ғ.Ашығалиев аграрлық салаға байланысты, С.Тұманбаева ауылдық жерлерде түрлі тренингтер өткізу үшін жастар бас қосатын ғимараттарды көбейту мәселесін алға тартты. Бұдан басқа да сұрақтарға нақты жауап берген облыс әкімі алда атқарылатын жұмыс жоспарымен, жоспарларымен бөлісті.

М.ХАМЗАҚЫЗЫ, суретке түсірген Р.ХАЛЕЛОВ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
385 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
480 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
723 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
991 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1217 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1255 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1407 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1602 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1832 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1918 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2030 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2035 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2069 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2069 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2175 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2399 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»