8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қараша 2018 2751 0
Дені сау ұлт

ХАЛЫҚТЫ ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ 15 ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

Халықты емханаға тіркеу дәстүрлі кампаниясы қыркүйек айында басталған еді. Екі айлық кампания қарашаның 15-інде аяқталады.

Бүгінгі күні 671 205 бастысқазақстандық облыс емханаларына тіркелген. Оның 319 771-і ауылдық тұрғындар. 8 477 еркін түрде емхана таңдағандар. Бұл көрсеткіштер халықтың тіркеу кампаниясына деген қызығушылығыңың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді.

         Кампания не үшін жыл сайын өткізіледі?

  1. Қызмет көрсететін емхана жұмысына көңілі толмаған азаматтарға емхананы ауыстыруға мүмкіндік беру.
  2. Біз осы науқан арқылы нарыққа жаңадан қосылған қатысушыларға мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік беру. 2019 жылы халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге тапсырыс алғысы келетін медицина ұйымдарына қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, тапсырыс алуға өтініш білдірген компаниялар Қордың дерекқорына енген және емдеу ұйымына белгілі бір халық саны тіркелген болуы шарт.  Қазақстанда халық саны артып келеді, емханалар жетіспейді. Сондықтан нарықтағы жаңа компаниялармен және жеке меншік клиникалармен серіктестік орнату – инфрақұрылымды арттырудың оңтайлы.
  3. Қазір тіркеу науқаны жеке кабинеттері, медицина орталықтары мен клиникалары көп Алматы, Астана сынды ірі қалалар үшін ғана маңызды  деген пікір қалыптасқан. Алайда, бізде де айтарлықтай өзгерістер бар.  Мысалы, биыл 2 жеке меншік клиника бірінші рет тіркеу науқанына  қатысуда. Осы күнге дейін келіп түскен сұрақтарды саралай келе, мынадай маңызды мәселелерді атап өткіміз келеді: Сіз тіркеу науқаны кезінде таңдаған емхана қызметін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз. Оған дейін бұрынғы емхананың пациенті болып қала бересіз.

Кампания кезінде басқа емханаға ауысқысы келмеген тұрғындар өзі тұратын аймақтағы емдеу ұйымдарының біріне автоматты түрде тіркеледі.

Бірақ бұл медицина ұйымын таңдау құқығын пайдаланудың жалғыз жолы емес.

Заң бойынша тұрғындар емхананы мынадай жағдайларда ауыстыра алады:

  1. Басқа жерге қоныс аударғанда.
  2. Сізге қызмет көрсетіп келген емхана жабылса, белгілі бір қызмет түрін көрсетуді тоқтатса, қайта ұйымдастырылса, Медициналық сақтандыру қорымен арадағы келісімшартты ұзартпаса немесе белгілі бір себептермен қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда;
  3. Сіз көптен бері (немесе мүлдем) емханаңызды ауыстырмаған болсаңыз және оның қызметіне көңіліңіз толмаса, жылына 1 рет емхананы ауыстыруыңызға болады;
  4. Егер үйдің қасына жаңадан емхана салынса және ол Қордың дерекқорына енген болса.

Биыл тіркеу тәртібіне енгізілген өзгерістер емхананы ауыстыруға қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтсақ, ерікті медициналық сақтандыру полисін алған жағдайда және сол келісімшарт негізінде емхана қызметі көрсетілетін болса емдеу мекемесін ауыстыруға болады.

Тіркеу тәртібіне үш өзгеріс енгізілді: Бірінші, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың негізгі қос принципін іске асыруға жағдай жасалып отыр. Ол – отбасылық қызмет көрсету принципі мен емхананың жақын маңда болу принципі. Мұның мәні неде?

Отбасылық қызмет көрсету принципі:  Отбасылық дәрігер отбасы мүшелерінің қандай аурулармен ауыратынын және қандай инфекцияларға бейім екенін жақсы біледі, ем-домы да тиімді болады. Сондықтан бір маманға қанша ұзақ қаралсаңыз денсаулығыңызға жасалатын бақылау да нәтижелі болмақ. Емхананы таңдаған кезде біз ең алдымен учаскелік терапевт (ересектер үшін) пен педиатрды (балаларға) таңдаймыз. Емхана ауыстырған кезде осы мәселеге мән берген жөн.

         Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің қолжетімділігі принципі. Таңдаған емхананың үйге жақын маңда, жаяу жүргенде 15-20 минуттық жерде болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Осы принциптердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерді аймақтарға бөлу көзделген. Бұл медицина ұйымдарының мамандарына өз пациенттерінің денсаулығын тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда олардың үйлеріне барып қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әсіресе, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соңғы реформаларды ескерсек мұның маңызы арта түспек. Себебі, бұдан былай 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді. Ал жедел жәрдем бригадалары күрделі әрі шұғыл көмекті қажет ететін шақыртуларға ғана барады.

         Тағы бір маңызды өзгеріс – дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезек мәселесін шешу. Жаңа тәртіп бойынша, 1 жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктеме 1700 адамнан аспауы тиіс (ересектер мен балаларды қосқанда). Бұрын бізде 1 дәрігер 2 мың адамға қызмет көрсетуі тиіс болатын. Бұл жағдай – жаңа учаскелердің ашылуына түрткі болады және бұл мәселеде медицина бизнесі өкілдері белсенділік танытады деп сенеміз. Былтырдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілердің саны едәуір артты.

Қазіргі таңда республика бойынша Қордың жеткізушілер тізімінде  1365 медицина ұйымы бар. Оның 623-і – жеке меншік. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2019 жылы олардың саны тағы 10 пайызға артады деген болжам бар. Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысуда. Батыс Қазақстан облысы бойынша   жеткізушілер  тізімінде 50 медициналық мекеме болса, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 25 ұйым қатысуда. Олар 16 –  аудандық,  6 – қалалық емханалар және 4 жекеменшік  медициналық ұйымдар («Медициналық орталық» ЖШСы,  «Медикер Ақсай» ЖШСы, және жоғарыда айтып кетке – науқанға жаңадан қосылып жатырған  екі медициналық ұйым – ТОО « СВА Интер тич»,  «Медицинский центр«Интертич Уральск»)

Үшінші өзгеріс – ерікті медициналық сақтандыру туралы келісімшарты бар азаматтардың емханалар желісіне тіркелуіне мүмкіндік беру. Бұл әсіресе, ылғи іс-сапарда жүретін немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар үшін өте қолайлы. Енді ерікті медициналық сақтандыру полисі бар азаматтар бір желіге кіретін кез-келген емхана қызметін пайдалана алады.

***

Енді  тіркеудің техникалық жағына тоқталсақ, жұртшылық тарапынан көп сұрақ туындап жататын мәселенің бірі осы.

Бір айта кетерлігі, тіркеу науқаны ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорындағы медицина ұйымдарының арасында ғана өткізіледі.

Мәліметтер базасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімі арқылы танысуға болады.

 

Қазіргі таңда қазақстандықтар емханаға тіркеудің үш түрлі жолын пайдалана алады:

– таңдап алған емханаға тікелей бару арқылы,

– электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде,

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Connection point бөлімі арқылы.

 

Емханаға барып тіркелу үшін жеке куәлік талап етіледі. Тіркеу бөлімінде емхананың бас дәрігері атына өтініш толтырасыз. Бұдан басқа құжаттың қажеті жоқ. Отбасының өзге мүшелерін тіркеу үшін олардың жеке куәліктері мен жазбаша келісімі қажет (ересектер үшін). Ал 18 жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу үшін ата-аналардан (немесе баланың қамқоршысынан) жеке куәлік (немесе баланың атынан өкілдік ете алатынын растайтын құжат) пен баланың жеке құжаты талап етіледі.

Ал egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу үшін жүйеге тіркелу қажет. Әрі қарай «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін басасыз. Электронды өтінішті толтырасыз. Қызметтің нәтижесін Жеке кабинет арқылы білуге болады. Қазір қай емханада тіркеліп тұрғаныңызды да egov порталындағы Жеке кабинет арқылы анықтап біле аласыз. Егер бұрынғы емхана қызметі көңіліңізден шығатын болса қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Тіркелудің үшінші жолы. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Connection Points деп аталатын бөлім болады. Ондағы кеңесшілер сізге электронды форматта тіркелу жолдарын түсіндіріп береді.

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды.

Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.

Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету опциясын басу қажет. Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
177 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
200 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
462 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
941 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1319 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1196 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1677 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2295 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2459 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2467 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2519 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2522 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2111 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3000 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3054 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3047 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3664 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3630 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3620 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3595 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3756 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»