8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2021 1712 0
Дені сау ұлт

COVID-19: БҚО-ДА 59 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

БҚО-да 1 мамырдан бері COVID-19  инфекциясының 1551 жағдайы анықталды. Олардың басым бөлігі  ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген адамдарда және науқастармен қарым-қатыста  болғандардан анықталған. Бұл туралы БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев айтып берді. 

1 мамырдан бастап зертханаларда 29 465 ПТР тест зерттеулері өткізілді, орта есеппен күніне 2266 тест зерттелуде. Нәтижесінде ЖРВИ беліглерімен шағымданып, тексеруден өткен 872 адамда (56,2%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 508 адамда (32,7%), профилактикалық мақсатта тексерілген 156 адамда (10%) және вахталық ауысымнан шығарда не кірерде, шетелге шығар алдында, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 15 адамда (0,9%) инфекция анықталды.

Барлық анықталған жағдайларда инфекцияның таралуына үйде бұрын ауырған жағдайлармен байланыс, адамдар көп жиналатын орындарға бару (сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары), қоғамдық көліктер, шараларға қатысу (еске алу кештері, үйлену тойы, мерейтойлар), карантин ережелерін сақтамауы  байланысты жұмыс орнындағы әріптестер – 1,7% (27) себеп болған.

БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің сөзінше, өткен тәулік ішінде 13 мамыр күні коронавирустық инфекциямен 123 жағдай тіркелді.

Бұл жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 71 адамда (57,7%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 36 адамда (29,2%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 2 адамда (1,6%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 14 адамда (11,3%) анықталды.

–  Оқу жылы басталғалы COVID-19 мектепте дәстүрлі форматта оқитын 577 оқушыда, қашықтан оқитын 502 оқушыда, барлығы 1079 оқушыда анықталды. Ал 4 тоқсанда (1 сәуірден бастап) оқушылар арасында COVID-19 446  оқушыда анықталды. Олардың  235-і – дәстүрлі форматта, 211-і – қашықтан оқитындар, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Сонымен қатар, соңғы тоқсанда мұғалімдер арасында COVID-19 219 жағдай анықталған. Олардың 207-сі – дәстүрлі форматта, 12-сі – қашықтан білім беретіндер. Бүгінгі күні қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 30 мектептегі 59 сынып, 5 мектеп, 9 мектепке дейінгі мекемедегі 9 топ, 1 мектепке дейінгі мекеме, 1 ЖОО-да 1 топ карантинге жабылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
125 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
399 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
418 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
393 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»