ЦИФРЛЫҚ ОҚУ ҮРДІСІН ИГЕРУДЕ БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС АТҚАРАМЫЗ
Төтенше жағдай Қазақстанның техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді кадрларды даярлайтын оқу орындарының қашықтықтан оқыту түріне көшуіне себеп болды. Осы орайда Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде де оқу үрдісі қолжетімді интернет – платформаларын қолдану арқылы қашықтан оқуды қалыпты жүргізуде.

Бастапқыда «Бұл қалай болады? Сабақты қалай түсіндірем? Оқушыға жаңа материалды жеткілікті деңгейде жеткізе алам ба?» деген сан түрлі сұрақ оқытушылардың басым көпшілігін мазаласа, әкімшілікті «оқу үрдісін қалай үйлестіреміз» деген ой мазалағаны анық. Бірақ барлығымызға жүктелген талап осындай болғандықтан, “Біз біргеміз” ұстанымымен білімімізді жетілдірудеміз. Қазіргі таңда ең тиімді құрал ретінде колледжімізде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін «Cooglе Glasroom», «Bilimland» платформасын «Whatsapp», «Youtube» әлеуметтік желілерін және «ZOOM», «Duo» әлеуметтік қызметтерін қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастырудамыз. Ол үшін министрліктің бұйрықтарына және әдістемелік ұсынбаларына сәйкес оқытушылармен, оқушылармаен вебинарлар өткізілді. Колледж сайтында қашықтан оқыту бөлімі ашылып, онда министрдің бұйрығынан бастап қажетті барлық материалдар салынды, Youtube каналымыз ашылды.
Әрине қандайда жаңа бастаманың әр түрлі қиыншылықтары мен түсініксіз тұстары бар. Дегенмен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай ел басына күн туған кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетсек, қиындықты бір адамдай жеңіп шығатынымыз анық. Осы тұста оқушыларымыздың жаңа жүйені оқытушылармен бірге үйренуіне және айтарлықтай жетістікке жетуіне ерекше ықпал етіп, қолдау көрсетіп отырған ата-ананың да еңбегі зор! Алдағы уақытта цифрлық оқу үрдісін игеруде бәріміз бірлесе жұмыс жасаймыз деп сенім білдіргім келеді.
Үстіміздегі жылы 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан шығыстың ғұлама ойшылы Әль-Фараби «Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы» деп айтқандай колледжімізде тәрбиелік іс-шаралар да қашықтықтан өз деңгейінде жүргізуде. Кейбіреулерін атап өтетін болсақ колледжіміздің 20 жылдығы, Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында қашықтықтан «Жігіт сұлтаны», «Атамның ерлігі-ұрпаққа өнеге», тағы басқада колледжішілік шаралар ұйымдастырылып жатса, облыстық деңгейде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты мәнерлеп оқу байқауы жарияланды.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» дегендей барлығымыз бірігіп бір жеңнен – қол, бір жағадан – бас шығарып жұмыстансақ алынбайтын қамал болмайды деп ойлаймын. Біз біргеміз!
Серік Әлімбеков,
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің директоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу