8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2021 1562 0
Өзек

БРИТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӘЛЕУМЕТТІК АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ 3 МЕТРГЕ ДЕЙІН АРТТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан мәліметке сүйенсек,  Ұлыбританияның «Sage» ғылыми-кеңес беру тобының жетекші мүшелері бұл шараны 1,5 метрден 3 және одан да ұзағырақ қашықтыққа ұлғайтудың уақыты келгенін мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, олар жаңа, Наурыз айындағыдан гөрі қатал локдаун енгізу уақыты келді деп санайды.


⠀Елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок «билік қажет болған жағдайда карантинді одан әрі қатайту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын» мәлімдеді.
Мұндай пікір елде дүйсенбі күні COVID-19 – дан тағы да 529 адамның қайтыс болуынан туындаған, бұл өткен аптамен салыстырғанда 30 пайызға көп. Бұл, пандемия басталғалы қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Көптеген адамдар ашық ауада жаттығуларға берілген рұқсатты достарымен кездесу мүмкіндігі ретінде пайдаланады, бұған қазіргі уақытта мүлдем жол берілмеуі тиіс, дейді билік.
Соңғы жеті күнде Ұлыбританияда орташа есеппен 931 адам қайтыс болған. Алдыңғы ең жоғары апталық көрсеткіш – 920 адам – сәуір айында, коронавирустың бірінші толқыны кезінде тіркелген болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
393 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
412 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
387 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»