8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 1998 0
Без рубрики

«БІЗ ЖЕҢДІК» ДЕГЕН ХАБАР ӘЛІ ЖАДЫМДА

          Биыл – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Қазір сұм соғысты көзімен көрген, оттың ортасында жүрген ардагерлердің қатары сиреп қалды. Олардың ең жасы тоқсаннан асты. Сұрапыл соғыста жеңісті жақындатқан жауынгерлердің бірі – оралдық Рафхат Галимуллин бүгінде тоқсанның тоғызында. 

Қазіргі  таңда елдегі жағдайға байланысты Ақжайық ауданы Чапаев ауылында ұлымен бірге тұрып жатқан Рафхат атамен ұялы телефон арқылы байланысқа шығып, жағдайын сұраған едік. Ғасырды алқымдаған ақсақал соғыс жайлы естеліктерін рет-ретімен әңгімелеп, жадының мықтылығын байқатты. Тек сәл құлағы ауырлау естігені болмаса, сөзінен жаңылмай, жарқын дауыспен бәрін баяндап беріп отыр.  Соғыс өрті тұтанған 1941 жылы Рафхат Галимуллин  еңбек жолын енді бастаған жас ұстаз болыпты. Ел шетіне жау тигенде Жәнібек аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынып, 1941 жылдың желтоқсан айында Өзбекстан елінің Самарқанд қаласындағы әскери училищеге оқуға жіберіледі. Алты ай оқып, мамыр айында лейтенант атағын алған сарбаз сол жылы қызу майданның ортасына жіберіледі. 1942 жылдың жазында Смоленск қаласын, 1944 жылдың жазында Белоруссияны және Балтық маңы елдерінің бір бөлігін жаудан азат етіп, «Багратион» операциясына қатысқан. Сол соғыста жараланып қалған. Емделіп шыққаннан соң өз әскери бөліміне қайта қосылады. Жауынгердің майдан даласындағы жолы содан 1945 жылға дейін жалғасады. Батальонда штаб бастығы, жедел бөлімнің бірінші бөлімшесінде байланыс офицері болады. Жауды өз ордасында талқандап, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын Берлиннің түбінде естиді. Әскерден «Капитан» атағымен оралған қарт майдангер 75 жыл өтсе де «Біз жеңдік» деген хабар әлі жадында екенін айтты.

– 45-ші жылдың көңілге қуаныш сыйлаған мамырын немістің Левенберг қаласында қарсыладым. Сол күні соғыста Жеңіске жеткен барлық сарбазбен бірге би билеп, отшашу атып, шат-шадыман күйге бөлендік, – деп еске алады Рафхат ата.

Рафхат Галимуллин елге аман-есен оралған соң Бөкейорда ауданында мұғалімдік қызметін жалғастырады. Сарбаздың сарғайған еңбек кітапшасы оның бейбіт өмірдегі атқарған істерін баяндайды.

– Бірде мені аудандық партия комитетінің хатшысы арнайы қабылдап,  партия комитетіне жұмысқа шақырды. Ойланбастан келісім бердім. Сөйтіп аудандық партия комитетінің саяси жұмыстар бөліміне басшы етіп тағайындады. Арада бір жыл уақыт өткен соң партияның комсомол, кәсіподақтар ұйымын жүргізетін ұйымдастыру бөліміне меңгеруші етіп ауыстырды. Осылайша 1949 жылдың басынан Орда ауданының аудандық партия комитетінде басты бөлімнің басшысы қызметін атқардым. 1952 жылы Орда ауданы тараған соң, еңбек демалысын алдым. Кейін облыстық партия комитетіне бардым. Олар маған Жәнібек немесе Чапаев ауданының бірін таңдауымды сұрады. Менің таңдауым Чапаев ауданына түсті. Сөйтіп, сол ауданның партия комитетіне бөлім меңгерушісі болып бардым, – деп сұрапыл соғыстан кейінгі өмір жолын бүкпесіз айтып берген ардагер сәуір айының нақ осы тұсында сонау қасіретті жылдар еске еріксіз оралатынын айтып қамықты.  Еліне адал азамат сол жылдары тың және тыңайған жерлерді игерудегі партия қаулысын жүзеге асыруға да бел жазбай қатысқан. 1954 жылы партия жұмысымен Чапаев ауданының Бударин ауылына қоныс аударған. Бірақ тың игеру жұмыстары аяқталған соң аудандық партия комитетінің хатшысы болып орталыққа кері оралады. Партиялық мемлекеттік бақылау жұмыстарына да белсене араласады. Осылайша партиялық жұмыстармен үй көрмей әбден титықтаған азамат бесінші баласы өмірге келгенде  отбасына көңіл бөлу мақсатымен бәрінен біржола қол үзу туралы шешім қабылдайды.  Дегенмен, облыстық партия комитетіне арызын жазып, аптасына үш мәрте екі тілде жарық көретін аудандық «Еңбек» газетіне редактор болып тағайындалады. Он бес жылдай осы басылымда басшылық етіп, 1982 жылдың желтоқсанында осы жерден зейнетке шығады.

– Әлі есімде, Алматы қаласынан «Елге ерекше қызмет еткеніңіз үшін» деп жеке зейнетақы тағайындау жөнінде ұсыныс келді. Содан маған жоғары көлемдегі зейнетақы бекітілді, – деген қарт жауынгер кейін еліміз егемендік алып, шалтты ғұмыр кешуімізге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі сіңгенін ерекше атады.

Ақсақалдың жұбайы Роза Көшербаева осыдан екі ай бұрын мәңгілік мекеніне аттаныпты. Олардың шаңырақ көтергендеріне биыл 70 жыл толған екен. Бауырларынан өрбіген алты ұлдан 12 немере, жеті шөбере көріп отыр. Қария «Алла амандығын берсе, Жеңістің 75 жылдығын Ақжайық ауданындағы кезінде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы тұрған үйден қарсылаймын» деп отыр.       – Қазір тұрып жатқан баспанам кезінде аудандық партия комитетінің төрағасы тұрған үй. Ел басқарып жүрген кезімде өзім қалап, сұрап алғанмын. Қаладан үй алған соң балама аманаттап кеткем. Өйткені бұл киелі қарашаңырақ менің жастық шағымның естеліктеріне толы, – деп күрсінеді жүзге таяған қария.  Әрине, әулеттің ұрпақтары да бұл күні қарт майдангердің дастарханында бас қосып, қилы заман мен бейбіт өмір туралы әке естелігін тыңдайтындары сөзсіз.

–     Біз елімізді, жерімізді қорғау мақсатында өлімге бас тіктік. Қазір әлемде таралған жаман індеттің біздің елімізді де дүрбелеңге салып жатқанын білемін. Бұдан да қиын күндерді бастан кештік, уақытша қиындыққа шыдамдылық танытып, талапқа бағынсаңыздар бәрі жақсы болады, – дейді «Кенигсбергті алғаны үшін», «Минскіні азат еткені үшін», «Ерең еңбегі үшін», «Құрмет», «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орден-медальдарымен марапатталған майдангер.

Бүгінде майдангердің денсаулығы жақсы, күтімде отыр. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бейбіт күнде мамыражай күн кешіп жатқан ақсақал енді мұндай соғыстың қайталанбауын тілейді. Бір ғасырлық ғұмырында талайды көрген қарт сарбаздың ерлік жолы – жас ұрпаққа үлгі.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
203 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
485 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
495 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
623 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
924 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1015 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1043 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1254 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1520 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1749 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1787 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1936 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2133 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2356 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»