8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2021 1552 0
Қалалықтар қаперіне

БИЫЛ БҚО-ДА ЕКІ ЖЫЛЫЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі  кезінде мәлім етті. 

Облыс басшысының баяндауынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32,7 млрд. теңге құрады, бұл мал шаруашылығы 2,7%-ға өсуіне байланысты.

Өсімдік шаруашылығында ауа райы тәуелділігінен арылу үшін егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Шаруа қожалықтары күздік және майлы дақылдар алаңдарын ұлғайтып, жаңа технологияларды қолдануда.  Мысалы, өткен жылы суарылған 5 мың га астам жердің 2,5 мың га заманауи жаңбырлатқыш агрегаттары арқылы суарылды. Ал 2021-2024 жылдары 28 шаруашылық заманауи жаңбырлатқыш агрегаттары арқылы суарылатын қосымша 19 мың га астам жерді қосу жоспарланып отыр.

– Қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау бойынша берілген Президент тапсырмасы аясында көкөніс сақтау қоймаларының санын 57-ге дейін көбейттік. Қосымша жалпы қуаты 20 мың тоннадан астам 8 көкөніс қоймасы салынатын болады. Оған қоса биыл көлемі 16 га құрайтын 2 жылыжай пайдалануға беретін боламыз, – деді облыс әкімі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»