8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2021 1572 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ МЕДИА АЛАҢЫНДА ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Бүгін, 25 мамыр күні БҚО Ғали Есқалиев Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ҚР орталық коммуникациялар қызметінде есеп берді.   

Облыс басшысы есебін өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдан бастады.  Кейінгі аптада коронавирустық инфекцияның 658 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы аптадан 9 пайызға төмен.

– Екі ай бойы облыс «қызыл» аймақта екенін ескере  отырып, аудан тұрғындарының ағынын азайту мақсатында 1 мамырдан бастап 14 күн бойы «қызыл» аймақтағы  Орал қаласы аумағында және 6 ауданда блокбекеттер қойылды. Бұл тұрғындардың облыс орталығына ағынын 35 пайызға азайтуға және көпшілік шаралардың  ұйымдастырылуын болдырмауға септігін тигізді,  – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Нәтижесінде  аурушаңдық деңгейі  екі есеге  төмендеді. Мониторингтік  топтар 1 мамырдан бері  179 рейд жүргізіп, 965 нысанды тексерді. Қорытындысында жалпы 962 мың теңгеге  22 хаттама толтырылған.

Бұдан соң өңір басшысы ауыл шаруашылғының  дамуы, инвестиция есебінен қолға алынған жобалар, жол құрылысы мен әлеуметтік нысандардық салынуы,  газдендыру, сумен қамту, білім беру саласындағы жаңалықтар мен әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылуы, цифрландыру жағдай туралы баяндады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
381 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
358 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»