БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 60-70 ПАЙЫЗЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУЫ КЕРЕК
Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың айтуынша, сонда ғана карантиндік шаралар алынып, тұрғындар қалыпты өмірге оралады.

Облысқа Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вaк вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Өңірдегі 26 емхана тұрғындарға вакцина салуды бастады. Облыста Спутник-V вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырған Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев.
– Бұл вакцинаның зияны жоқ. Карантиннен құтылу үшін адамдар жаппай екпе алғандары жөн. Егер облыс халқының 60-70 пайызы екпе алса, шектеу шаралары болмайды деп есептейміз. Індетті жеңудің бір-ақ жолы – осы вакцинация. Сондықтан тұрғындарды екпе алуға шақырамын. Әрине, екпе алу ерікті, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.
Сондай-ақ қазіргі уақытта облыстың медициналық қызметкерлері екпе алуды бастады.
Айта кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация басымдылық бойынша жоспарланған. Бірінші кезеңде вакцинация 1 ақпаннан бастап жұқпалы аурулар ауруханаларының, шұғыл медициналық көмектің, реанимацияның, алғашқы медициналық көмектің, жедел жәрдем бөлмелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерін қамтиды. Екінші кезеңде, 1 наурыздан бастап, бірінші кезеңге енбеген орта мектептер, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу