8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2021 995 0
Дені сау ұлт

БҚО-ҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

БҚО-ға  коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 1000 доза жеткізілді. Өңір тұрғындары облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жасаған  вакцинацияны кезең-кезеңімен енгізу жоспарына сәйкес екпе алатын болады. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков бүгін журналистермен кездесуде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқанын жүргізуге медициналық мекемелердің дайындығы туралы айтып берді.   

Бұл Ресейде «Sputnik V» атауымен  өндірілген Gam-COVID-Вaк вакцинасы. Вакцинациялау облыстағы 26 вакцинация пункттерінде жүргізіледі, екпені оқудан өткен және нұсқаулық алған мамандар жасайды. Медицина қызметкері вакцинациядан бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, вакцинация жасалмайды. Десек те, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, өйткені әрбір организмнің өзіндік ерекшелігі бар. Сол себепті вакцина алған адам алғашқы 30 минут ішінде медициналық мекемеде  дәрігерлердің бақылауында болады. Дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция байқалуы мүмкін. Ол үшін арнайы демалу орны қарастырылған.  Әр вакцинацияланған адамға вакцина жасалған уақыты көрсетілген «КВИ-ға қарсы вакцинация. 30 минут ішінде медициналық бақылау кезеңі» таңбаланған бейдж ұсынылады. Сонымен қатар вакцинаның ықтимал жанама әсерлерін көрсететін арнайы жадынама және осындай әсер болған жағдайда олар хабарласуға болатын клиникалардың телефондары беріледі. Вакцинацияланған адам одан кейінгі үш бойы да тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Облыстық бас дәрігерінің  міндетін атқарушы Арман Талғатұлы емханаларда респираторлық инфекциялардан қорғау шаралары қарастырылғанын атап өтті. Байланыссыз термометриялық сүзгі және ауру белгілернің бар-жоғын аунықтау мақсатындағы сауалнама жасалады. Келушілерге арналған қол тазартқыштары, медициналық қорғаныс маскаларының болуы, келушілер арасындағы кем дегенде 1,5 метр әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қадағаланады. Аурудың белгілері бар адамдар анықталған жағдайда маскалар беріліп, дәрігердің қарап, тексеруі үшін бөлек бөлме ұсынылады.

Иммундау алдында вакцина туралы және мүмкін болатын реакциялар туралы толық ақпарат беріледі. Ерікті түрде негізделген келісім немесе бас тарту шарты жасалады. Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес вакцинацияға сауалнама жүргізілді. Әйелдерді вакцинациялау кезінде емізулі сәбиінің  бар немесе жоқ екендігі, жүктілігінің болуы анықталады.

Вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар, коронавирустық инфекцияның жедел және симптомсыз формасымен сырқаттар коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алмайды. Сондай-ақ контактідегі адамдар карантиндік мерзім аяқталған соң ғана екпе ала алады.

Симптомсыз және жеңіл формадағы КВИ-мен ауырғандарға 2-4 апта ішінде, орташа және ауыр түрінде – қалпына келтірілгеннен кейін 6 айдан кейін вакцина егу ұсынылады. Әлемдік тәжірибеде кездескендей,  КВИ-мен ауырғаннан кейін антиденелер 3-6 айдан кейін жоғалады, содан кейін адамның қайтадан инфекция жұқтыру қаупі бар. Вакцинация алдында КВИ-ге қарсы антиденелерге скринингі жасалмайды.

Арман Қалибеков түсіндіріп өткендей, Gam-COVID-Вак вакцинасы екі компоненттен тұрады, сондықтан ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Бұлшықетке бірінші компонент 0,5 мл дозада енгізіледі және 3 аптадан кейін (егу күнін есептемегенде 21 күн) екінші компонент енгізіледі. Егер II компонентпен 21 күнде вакцинациялау мүмкін болмаса, келесі 7 күн ішінде вакцинациялауға рұқсат етіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және біріншінің әсерін бекіте  түседі, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады. Sputnik V вакцинасының 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімдері бар, сәйкесінше, оны тек 65 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ересек азаматтары ала алады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Арман Қалибеков  вакцинация ерікті екенін атады. Қазақстан Республикасының «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация егілген адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады.

Айта кетейік, қазіргі қолданылып отырған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында Ресейде шығарылған Gam-COVID-Вaк вакцинасы («Sputnik V») қолданылады. Әрі қарай, 15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған Gam-COVID-Вaк вакцинасы вакцинация процесіне қосылады. 2021 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап отандық өндірілген QazCovid-In препаратын вакцинация процесіне қосу жоспарлануда, ол қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің  үшінші кезеңінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, КВИ-ға қарсы вакцинация басымдылық бойынша жоспарланған. Бірінші кезеңде вакцинация 1 ақпаннан бастап жұқпалы аурулар ауруханаларының, шұғыл медициналық көмектің, реанимацияның, алғашқы медициналық көмектің, жедел жәрдем бөлмелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерін қамтиды. Екінші кезеңде, 1 наурыздан бастап, бірінші кезеңге енбеген орта мектептер, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.

Сонымен қатар болашақта контингентті халықтың қосымша осал топтарына  екпе жасау қарастырылуда. Олар төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қызметкерлері.

Халықтың осал топтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін ұсынылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
80 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
200 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
156 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
422 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
610 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
608 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1047 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1116 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1132 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1153 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1177 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1545 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1670 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1698 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1976 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1986 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2114 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»