8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2019 1754 0
Спорт

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕКІ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

20 наурыз – 4 сәуір күндері Петропавл қаласында республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» турнирінің шағын футбол спорт түрі бойынша жарыс өтті. Дәстүрлі турнирге Батыс Қазақстан облысы атынан Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда қатысып, облыс намысын қорғады.


БҚО командасы дүбірлі додада бақ сынаған 11 команда арасынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда құрамында үздік ойын өрнегін көрсеткен 11-сынып оқушысы Ғұбайдуллин Мейрамбек «Үздік қақпашы» аталымымен марапатталды.

Сонымен қатар команда Астана қаласында өткен «Қайырымды жандар турнирі» жарысында да III орын иеленді. Бұл жарысқа 36 команда қатысқан.

Үздіктер қатарынан табылған  команданың  жетекшілері – Жаңақала ЖОББМ-нің денешынықтыру пәні мұғалімдері А.Бегалиев пен М.Есiмов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
115 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
367 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»