8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Желтоқсан 2025 1597 0
Жалын

Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев кореялық инвесторлармен кездесті. Жиын барысында өңір аумағында тұрмыстық қалдықтарды жағу және сұрыптау зауыттарын салу мәселелері талқыланды.
Бұл басқосу облыс басшысының Корея Республикасына барған қызметтік сапары аясында орнатылған ынтымақтастықтың жалғасы екенін атап өткен жөн. Жасалған іссапар барысында тараптар серіктестік орнытып, заманауи қалдықтарды өртеу және қайта өңдеу технологияларын қолдана отырып, қалдықтарды кәдеге жарату жобаларын бірлесіп іске асыру жөнінегі меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі кездесу ортақ мүдде мәселелерін жан-жақты қарауға және оларды әрі қарай жүзеге асыру жолдарын нақтылауға мүмкіндік берді.
«Бұл жобаларды іске асыру тек қана екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ғана емес, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және қалдықтарды өңдеу саласында заманауи технологияларды енгізуге де септігін тигізеді. Бірлескен бастамамыздың табысты болуы үшін біз өз тарапымыздан қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті өңір басшысы.
Тараптар жобаны іске асыру кезеңдерін, дайындық және құрылыс жұмыстарының мерзімдерін нақтылай отырып, ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Аталған бастаманы жүзеге асыру өңірдің тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту және осы салаға озық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық жоспарының бір бөлігін құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айының аяғында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі салалардағы бірқатар меморандударға қол қойған болатын.

БҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»