8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2022 16428 0
Дені сау ұлт

Баланың күлкісі – қауіпсіздікте!

Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Ғ.Жәңгіров атындағы саябағында жарқын балалар шеруі мен мерекелік концерт өткізілді. Бөрлі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметінің мамандары мейрамнан қапы қалмай, аланда өз техникалары мен құрал-саймандарын балалар назарына көрсетті.
«Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет», «Балалардың кесірінен орын алатын
өрттер», «Суға шомылу кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері», «Тұрғын үйдегі өрт» тақырыптарында жадынамалар таратты. Демалушы балалар үшін өрт сөндіру машинасына көтеріліп, зерделеп, барлық өрт сөндіруге арналған құрылғылармен жақындап танысуға рұқсат етілді. Өте белсенді қатысқан балалар өрт сөндіру қызметіне аса қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
Балалар біздің болашағымыз! Егер қазір біз оларды қорғай алмасақ, алдағы уақытта арқа сүйер ешкім болмайды. Біз балаларымызға қамқор болуымыз қажет.
Олардың бақыты мен қауіпсіздігі бүгін ғана емес, әрқашан да ең басты міндет.

А. ИДАЛИЕВА,
Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау майоры

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»