8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2018 2248 0
Өзек

«Балам басқа балаға ауысып кеткендей»

Николайдың әкесі: «Балам басқа балаға ауысып кеткендей»

Бір апта ішінде үш көлікті рұқсатсыз тізгіндеген сегіз жасар Николайдың ата-анасына қатысты ҚР ҚК 140-шы бабы, яғни кәмелеттік жасқа толмаған баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасында өткен брифингте ЖПҚ бастығы Мүслім Жәрдемов мәлімдеді. Сондай-ақ жасөспірімнің ісі Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралды.

Николай Керцманның бір аптада үш көлікті айдап кетуі елді дүрліктірді. Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, шығын көлемі 1 млн. 400 мың теңгені құрап отыр. Алғашында, 6 тамыз күні жасөспірім «Suzuki» маркілі автокөлікті айдап кетіп, жолай «Lada granta» маркілі көлікті іліп кеткен еді. Бұл уақытта шығын 100 мың теңгені құраған. Николайдың әкесі Александр Керцман көлік иелерімен келісімге келгенін жеткізді. Бірақ, 9 тамыз күні оқиға қайталанып, жасөспірім «Теремок» дүкенінің маңында тұрған «Toyota» маркілі көлігін тізгіндеп, көпір бағанына соғылады. Бұл көліктің шығыны – 300 мың теңгеге бағаланған. 12 тамыз күні Коля «Hyundai» автокөлігін басқарып, Штыбы көшесінің жөнделуіне байланысты қойылған бетонды блоктарға соғылған. Шығын көлемі – 1 млн. теңгеге есептелген. Абырой болғанда адамдар дін-аман. ЖПҚ бастығы Мүслім Жәрдемовтың айтуынша, Николай автокөлік иелерінің ұқыпсыздықтарын пайдаланған. Үш жағдайда да көліктер ашық күйде, әрі от алдыру кілті көлік салонында болған.

– Оқиға екінші мәрте қайталанғанда Коляны қолайсыз отбасында тәрбиеленген балалардың бірі деп ойлағанбыз. Бірақ, үйіне барған кезде бұл ойымыз теріске шықты. Ол толық отбасында тәрбиеленуде. Атасы бар, әжесі – медицина қызметкері, әкесі – 30 жылдан астам жүргізуші болған азамат. Тұрмыстық жағдайлары жақсы. Баланың өзінің сабақ оқитын үстелі, компьютер, планшеті бар, – деді Мүслім Ғилманұлы.

Әкесінің сөзінше, баласының компьютерлік ойындарға қызығушылығы жоғары. Әсіресе, автокөліктерге байланысты ойындарды жақсы ойнайды. Ұзақ жыл көлік рөлін басқарған Александр Керцман қазір жұмыссыз. Бір жылдан бері жүрек ауруымен ауырады. Екінші топтағы мүгедек. Зейнетақысы 43 мың теңгені құрайтын азамат баласының келтірген залалын қалай өтерін білмей отыр.

– Осы екі апта ішінде балам басқа балаға ауысып кеткендей. Бұрын мұндай қылықтары байқалмайтын. Үнемі көз алдымызда қатарластарымен ойнап жүреді. Балам көліктердің барлық маркілерін жақсы біледі. Планшетінде автобустарды, жүк машиналарды ұқыпты жүргізіп, тұраққа қояды. Өзімнің 32 жылдық жүргізушілік тәжірибем бар. Оның 20 жылында автобус жүргіздім. Ол қасымда отырып, барлығын қарап отыратын. Көлікке деген махаббаты қан арқылы берілген шығар, бәлкім. Алғашқы екі көліктің иелерімен келістім. Қалғанын қалай өтерімді білмеймін. Мүмкін зейнетақымның жартысын ұстап отыруын сұрап көрермін, – дейді Александр Борисович.

Мүслім Жәрдемов түсіндіріп өткендей, ҚР ҚК-ның 140-шы бабы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін айыппұл және ата-анасына қатысты түзету жұмыстары қарастырылған.

– Мен қылмыскерлер отыратын уақытша ұстау изоляторын көрсетпек болған едім. Бірақ, Коля әлі кішкентай, сондықтан оның психикасына жарақат салғымыз келмеді. Орнына жол-көлік оқиғалары салдарынан сынған көліктер көп қойылған айып тұрағын көрсетпекпіз. Біз баламен сөйлестік. Өзіне тұжырым жасайды деп сенемін, – деді Мүслім Ғилманұлы.

***

Қалалық әкімдікте қала әкімінің міндетін атқарушы Мирболат Нұржановтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына Николай Керцман оқитын №26 мектептің директоры, сынып жетекшісі және комиссия мүшелері қатысты.

Қалалық ІІБ ЖПҚ ювеналдық полициясының учаскелік инспекторы Жанболат Мұхамбетқалиев комиссия мүшелері алдында Николай Керцманның қатысуымен болған оқиғаларды баяндап, барлық факт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен іс қозғалғанын жеткізді. Алайда, бала кәмелетке толмағандықтан, бұл істер тоқтатылмақ. Сол себепті Жанболат Қайыржанұлы баланың заңды өкілдерін комиссия қарауына салып, жауапқа тартуды ұсынды. Әрі баланың бұған дейін тентектікпен көзге түспегенін, ата-анасы да есепте жоқтығын еске салды.

№26 мектептің директоры Ғибрат Орынғалиева мен сынып жетекшісі Динара Ерболатқызы да баланың бұрын оғаш қылықтары болмағанын айтты. Олар үшін бұл – күтпеген жайт.

– Николай Керцман сабақты жібермейді. Сабақ үлгерімі – қанағаттанарлық. Тәртібі жақсы. Физикалық белсенді. Шараларға, әсіресе спорттық сайыстарға жақсы қатысады. Үйірмелерге бармайды. Өйткені 1-2 сынып – танымдық үрдістің бейімделу кезеңі. Сол себепті балаларды үйірмеге тарту үшінші сыныптан кейін басталады. Ата-анасымен үнемі байланыстамыз. Сабаққа үлкендер алып келіп, алып кетеді. Ол отбасындағы жалғыз ұл. Тәрбиесіне ата-анасынан бөлек ата-әжесіне де атсалысады. Мектепішілік жиналыстарға да анасы, әжесі, әкесі қатысады. Материалдық көмекке мұқтаждығы жоқ. Жуырда ғана үйіне барып келдік. Бала материалдық тұрғыда жаңа оқу жылына дайын, – деді сынып жетекшісі.

Комиссия отырысында анықталғандай, алғаш рет Коляға машинаны айдап кету жөнінде ой салған Никита есімді бала болып шықты. Ол сол мектепте Колядан төрт сынып жоғары оқиды екен. Мектеп директоры Ғибрат Орынғалиева Никитаның қолайсыз отбасынан екенін және Коляға теріс ықпал етуі мүмкіндігін растады.

Николай комиссия мүшелері алдында дұрыс жасамағынын мойындап, енді қайталамайтынын айтып уәде берді.

Комиссия отырысының қорытындысында Николай Керцманның ата-анасын ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-ші «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім шығарылды. Әрі алдағы уақытта осы сынды жағдай қайталанса, комиссия әкесі мен анасын ата-аналық құқықтан айыру мәселесін қарайтын болады. Ал Коляны мектептен тыс жұмыстар орталығы жанындағы техникалық мектептің картинг үйірмесіне қабылдауды ұсынбақ. Сондай-ақ ол бір ай көлемде бақылауда болып, мектепішілік есепке алынатын болды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
20 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
142 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
398 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
656 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
897 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
932 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1086 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1280 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1514 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1601 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1711 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1720 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1748 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1753 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1857 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2077 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»