8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2019 2195 0
Қоғам

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН…

Батыс Қазақстан облысында халықаралық «Қауіпсіз жолдар» жобасы аясында жасөспірімдерге жол қауіпсіздігін меңгертуге бағытталған «Батыс Қазақстан облысындағы қауіпсіз жолдар» жобасы қолға алынуда.  Жаңа  жобаны облыс әкімдігінің қолдауымен ШЕЛЛ, ЭНИ концерндері,  EASST ағылшын қайырымдылық ұйымы және оның өңірлік серіктесі «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігі бірлесе жүзеге асырмақ.

 

Күн сайын әлемде орта есеппен 18 жасқа дейінгі 500 бала жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Жыл басынан бері облысымызда балалардың қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бір бала көз жұмған. 34 бала түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Балалардың қауіпсіздігі мәселесінде жол жүру ережелері аса маңызды болып отыр. Сондықтан оларға қауіпсіздік дағдыларына үйрету ешқашан ерте емес.

Осы орайда қолға алынып отырған «Батыс Қазақстан облысындағы қауіпсіз жолдар» жобасы – БҚО әкімдігі және ШЕЛЛ, ЭНИ концерндері,  EASST ағылшын қайырымдылық ұйымы және оның өңірлік серіктесі «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобасы болып табылады. 2019 жылдың бесінші наурызында облыс әкімдігінің қолдауымен аталмыш жоба аясында жоғарыдағы компаниялар ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Жобаның басты мақсаты – жазатайым апаттар мен жол-көлік оқиғасының алдын алу, БҚО-да жол қауіпсіздігін жақсарту.

Бүгін «Еуразия», «Атамекен» лагерлерінде өткізілген шара барысында жол қауіпсіздігі жайында театрландырылған қойылым көрсетілді. Балаларға арналған жол қозғалысы ережелерінен сұрақ-жауап айдары да жүргізілді. Сондай-ақ балғындарға жарық шағылыстыратын әшекейлер таратылды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, балаларға түсіндіру жұмыстарынан бөлек қала аумағында төрт мобильдік алаң жасақталып, жол қауіпсіздік ережелері практикалық тұрғыда үйретілетін болады.

– Тамыз айынан бастап, мобильдік алаңдар жұмысы басталады. Әзірге оқушылар сарайы аумағында мобильдік алаң жасақтау көзделіп отыр. Онда оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді. Одан бөлек қауіпті жол өткелдері зерттеліп, балалардың қауіпсіздігі үшін ұсыныстар берілетін болады. Біздің мақсатымыз  – жол-көлік оқиғасының алдын алу. Алдағы уақытта бұл шаралар жалғасады, – деді жоба үйлестірушісі Гүлнара Бисенова.

Жобаны нәтижелі жүргізу мақсатында білім беру, жастар ісі, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының және облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар бірлесе жұмыстанбақ.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
266 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
372 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
616 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
883 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1110 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1148 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1300 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1494 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1724 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1813 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1925 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1931 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1964 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1964 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2289 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»