8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2018 3026 0
Жалын

БАЛАЛАРҒА – СЫЙ

Орал қаласы әкімдігінің ұжымы биыл қала әкімі Мұрат Мұқаевтың бастамасымен Жаңа жылды тойлаудан бас тартты. Оның орнына әр түрлі санаттағы балаларға сыйлықтар үлестіріп, қуаныш сыйлауда. Жаңа жылдық қайырымдылық шыршаларын ұйымдастыруға оралдық жеке кәсіпкерлер де атсалысып келеді.


Бүгін «Мақсат» мейрамханасы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды. «Бәйтерек» мүмкіндігі шектеулі балалар» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған шараға 75 бала қатысты. Балалардың қуанышына қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов ортақтасып, қала әкімі атынан Жаңа жылмен құттықтады.
– Қадірменді балалар сіздерді жылдың ең айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Алдымен ата-аналарға еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Баларымыздың дені сау болып, сабақтарын жақсы оқып, сіздерді қуанта берсін. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тыныштық болуын тілейміз, – деді Б.Тоғжанов.

          
Мерекеде қала әкімдігі атынан балаларға тәтті сыйлықтар тарту етілді. Думан аниматорлар мен мамандар дайындаған көңілді ойындармен жалғасты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»