БАЛАЛАРҒА МӘМС ЕСЕБІНЕН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛЕДІ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен сақтандырылған. Оларға қор есебінен жоспарлы және шұғыл түрдегі стоматологиялық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жыл басынан бері балаларға 2,77 млн-нан астам теңгеге стоматологиялық көмек көрсетілді.
16 мамыр мен 16 маусым аралығында Республика көлемінде «Балаларға күлкі сыйла!» акциясы өтуде. Акция аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары денсаулық сақтау басқармаларымен, медициналық ұйымдармен бірлесіп балаларға профилактикалық стоматологиялық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады.
«Қазір балалардың көбінде тістің жетілуіне қатысты ақаулар кездеседі. Әсіресе, пульпит жиі ұшырасады. Тістің кеш пайда болатын жағдайлары жиі кездеседі, тістер қисық өседі. Мұның бәріне ата-ананың балаға қатты тамақ бермеуі себеп. Бала алма, сәбіз, печенье, құрт, ет сияқты қатты тағамдарды қаншалықты көп тістесе, оның тістері соғұрлым жақсы болады. Ата-аналар көбінесе балаларға жұмсақ тамақ береді. Балалар пюре, йогурт секілді тағамдарды шайнамай жұтады. Бұл тіс-жақ жүйесінің дамуына зиянын тигізеді. Сонымен қатар балалар фаст-фуд, тез дайындалатын тағам, газдалған тәтті сусындарды жақсы көреді. Бұлар тістің ерте бұзылуына әкеледі
Қор тарапынан берілетін көмек интернаттардың, балалар үйлерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қолжетімді. Елімізде МӘМС аясында 600-ден астам медициналық ұйым стоматологиялық қызмет көрсетеді. Учаскелік дәрігердің жолдамасы болмаса да Қормен келісімшарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе тіркелген емханадағы стоматологиялық кабинетке жүгінуге болады.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмесе, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу