Бәрекелді! Министрліктен 15 студентке жолдама берілді!
Кеше, 29 – қараша күні түсауа ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, полиция Генерал-майоры Санжар Әділов Оралдағы «КазИИТУ» – Қазақстан иновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде болып, оқытушы-ғалымдармен, студент-жастармен кездесті.
ҚР ІІМ Бас тергеушісі, полиция Генерал-майоры Санжар Аскенұлы осы университеттің Рүстем Есімханұлы Қайдаров атындағы «Құқықтану» кафедрасының кримкабинетімен танысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқыды. Сондай-ақ,
4-ші курстың 15 студентіне Ішкі Істер департаментіне қызметке орналасу үшін ҚР Ішкі істер Министрі, Генерал-полковник Ахметжанов Марат Мұратұлының қолтаңбасы мен жолдамасын арнайы табыстады.
Осы басқосуда «КазИИТУ» білім-ғылым кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімовке ҚР Министрлігі атынан алғыс хат табысталып, шәкірт дайындау барысында университет түлектері құқық қорғау саласында алдынғы қатарда екенін мақтанышпен жеткізді.
Еске сала кетейік, бұл Іс-шара ҚР ІІМ Министірлігінің Батыс Қазақстан облысына арнайы келген ресми сапары шеңберінде өткізілді.
Өз тілшіміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу