8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2020 1137 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОДАН АРҒЫ ШАРАЛАР (жаңа қаулы мәтіні)

Бүгін, 21 қараша күні БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың №34 ПГВр«Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысы шықты.  Қаулы мәтіні төмендегідей:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

БҚО аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:

  1. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдары (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында қозғалысты сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін шектеу.
  2. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  3. Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтата тұру;
  4. Спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
  5. Әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдардың кіруіне (қарттарды, жүгі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қарсы алатын және шығарып салатын адамдарды қоспағанда) шектеу қою, адамдардың жиналуына жол бермеу;
  6. 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, жеке және кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, ашық ауада қоғамдық орындарда медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

  1. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

– коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс түріне ауыстыру; «Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының,  (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде және арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері  сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға баруды Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

– мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметін уақыт бойынша шектеумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліспен) ұйымдастыру. Карантиндік шараларды сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Орал қ. бойынша МКБ) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекке алдын ала жазылу немесе қалған аумақтық басқармаларда телефон арқылы алдын ала жазылу бойынша  халыққа қызмет көрсету ұсынылады;

– сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беру;

– мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы керуеттер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып;

– бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

– моншалар, сауналар жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

– ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар, резерваттар және басқалары (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып);

– діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

– азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);

– азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып. Жексенбі күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

– сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, толымдылығын нысанның сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде). Жексенбі күндері сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің қызметі тоқтатыла тұрсын;

– қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін (ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс);

– сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар) алдын ала жазылу бойынша (нысанның толымдылығы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

– фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және жаттығу залдары (толымдылығын нысанның сыйымдылығының 50% асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде) алдын ала жазылу бойынша, сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;

– бассейндер – алдын ала жазылу бойынша, сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;

  1. Жексенбі және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес):

– сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру, онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;

– жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру.

– қоғамдық автокөлік жұмысын тоқтата тұру.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін (жексенбі және мереке күндерін қоспағанда), қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен және біркелкі қозғалыс кестесімен жұмыс істейтін болады.

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралымен (медициналық бетпердемен) кіруге рұқсат етіледі.

  1. Халықаралық екі жақты жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетел және Қазақстан Республикасы азаматтары) COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (ПТР әдісімен, нәтижесі берілген күннен бастап мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен аспаған) ұсынуға міндетті. Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелерін бергенге дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылады. COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамалары жоқ шетел азаматтарына БҚО аумағына кіруге тыйым салынады.
  2. Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

  1. БҚО Орал қаласы мен аудандардың әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі – №58 ҚР БМСДҚ) 1-қосымшада белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

– шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;

– бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтын пайдалануды;

– шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

– InfoKazakhstan.kz сайтындағы нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

– персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

– келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

– келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылауды;

– әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;

– карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

– тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

– үй карантиніндегі байланыста болғандар, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) Қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлауды;

– инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

– халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;

– COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

– санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

– аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;

– расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдаймен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу.

  1. БҚО ішкі саясат басқармасына, БҚО Орал қаласының, аудандардың әкімдеріне:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы және аудандарының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті аумақтарда карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  4. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 қарашадағы №33-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының күші жойылды деп саналсын.
  5. 22. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е. Мұстаевқа жүктелсін.
  6. Осы қаулы 2020 жылғы 24 қарашадан бастап заңды күшіне енеді.

 

 

 

         Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                         М.Арыспаев

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
201 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
459 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
544 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
646 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
653 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
672 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
685 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1016 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1326 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1213 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1319 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1314 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1438 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1485 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1433 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1444 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1548 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2008 0
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
2143 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»