8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2026 607 0
Өзек

БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді: жастардың нашақорлыққа тартылуына жол берілмеді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған топ өз әрекетін заңды фармацевтикалық қызмет ретінде көрсетіп, жасырын түрде заңсыз сауда жүргізген. Олар арқылы психоактивті, тәуелділік тудыратын және есеңгірететін дәрілер өңір аумағында кеңінен таратылған. Бұл құбылыс жастар арасында таралған “дәріханалық нашақорлықтың” бір түріне айналған.

Негізгі тұтынушылар — 18–25 жас аралығындағы жастар. Олардың арасында бұрын сотталғандар да, есепте тұрғандар да, сондай-ақ алғаш рет осындай заттарды қолданғандар да бар.

Жүргізілген жедел-тергеу шаралары нәтижесінде қылмыстық схема толық тоқтатылды. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік препараттар, есірткі заттары, оқ-дәрілер және қомақты ақша тәркіленді. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру деректері анықталды.

Жалпы 11 күдікті анықталды. Оның ішінде ұйымдасқан топтың 6 негізгі мүшесі қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топтың айналымы шамамен 1 млрд теңгені құраған. Қылмыстық жолмен алынған мүлікке, оның ішінде жылжымайтын нысандар мен қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Бұл операция өңірдегі көлеңкелі есірткі нарығына елеулі соққы беріп, жастардың нашақорлыққа тартылуының алдын алуға мүмкіндік берді. Полиция психоактивті заттардың заңсыз айналымына қатысты кез келген әрекет заң аясында міндетті түрде тоқтатылатынын және кінәлілер қатаң жауапқа тартылатынын ескертеді.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»