8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2020 2027 0
Өзек

БҚО-ДАҒЫ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАН 39 НАУҚАСТЫҢ 32-СІ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.  

Бүгінгі дейін облыста лабораториялық зерттеулер бойынша 39 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ауру жағдайы расталған 32  азаматтың Ресей Федерациясынада вахта әдісімен жұмыс жасап келген.

– Соңғы тәулікте анықталып отырған тоғыз жағдайдың сегізі «Тасқала» өткізу бекетінде тіркелді. Қазіргі кезеңде осы Тасқала ауданында қосымша карантиндік стационар және провизорлық госпиталь ашылды. Шекарадан өткендер осы стационарларға орналастырылады. Карантиндік стационарға негізінен ауру белгілері жоқ адамдар  жіберіледі. Дене қызуы көтерілген азаматтар тіркелсе, провизорлық госпитальға орналастырамыз. Сол жерде олар лабораториялық зерттеуге алынған сынамаларының қорытындысын күтеді. Егер нәтижесі оң шықса, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулаймыз. Нәтиже теріс болса, азамат 14 күн үйде оқшаулануға жіберіледі. Бұл жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық-профилактикалық шара ретінде қатаң жүргізілуде, – деді облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

Ресейде жұмыс жасайтын облыс азаматтары Самарамен шекаралас «Сырым», Саратовпен шекаралас «Тасқала» өткізу бекеттері арқылы өтеді. Санитар-эпидемиолог мамандар осы өткізу бекеттерінде тәулік бойы жұмыс жасауда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
69 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
107 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
389 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
407 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
383 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»