8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2020 1295 0
Өзек

БҚО-ДА ТАҒЫ ЕКІ АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Екеуі де  Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын, 40 және 43 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Бұл туралы бүгін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

– Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтардың денсаулықтарына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы № 32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошағында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  22 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 72 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 70 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

Қазіргі уақытта провизорлық стационарда – 25, карантиндік стационарда – 48, үй оқшаулауында – 939 адам дәрігерлер бақылауында.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
125 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
399 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
418 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
393 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»