БҚО-ДА ЕКПЕДЕН БАС ТАРТҚАНДАР КӨП
Батыс Қазақстан облысы профилактикалық екпеден бас тартуда көш басында. БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрмановтың сөзінше, өңірдегі 1137 баланың ата-анасы әр түрлі себептермен балаларына екпе салғызудан бас тартқан.

Бас тартқандардың басым көпшілігі Орал қаласында, Зеленов және Сырым аудандарында. Ата-аналардың көпшілігі діни сенімдеріне байланысты екпе салдырмаған. 22,3 пайызы жеке көзқарастарын алға тартса, 9,3 пайызы әр түрлі ақпараттардың кесірінен вакцинацияға сенімсіздік білдірген.
Департамент басшысының айтуынша, екпе алмаған балалар немесе профилактикалық екпе алмаған анадан туған балалардың қатерлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі. Биыл облысымызда 2016 жылы дүниеге келген баланың туберкулез ауруына шалдыққаны тіркелген. Тексеру кезінде оның екпе алмағаны анықталған.
Дегенмен, түсінік жұмыстары нәтижелі. Әкімдіктермен, облыстық дін істері басқармасымен бірлескен ағарту жұмыстарының нәтижесінде екпеден бас тартқандардан 111 баланың ата-анасы райынан қайтып, екпе салдыруға келісім берген.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу