8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2019 1843 0
Қоғам

БҚО-ДА АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті Ақниет Қайырғалиев республикалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың облыстық кезеңіне 13 үміткер қатысты. Шараны басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева ашты. Биылғы Абай оқуларының ерекшелігі – жастар жылы аясында оздырылып, Абайдан кейінгі қазақ поэзиясында жарық жұлдызға айналған, Абайдың дәстүрін жалғаушы, Алаш арыстары Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдығына және қазақ поэзиясының патшайымы атанған Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай бірнеше ақын-жазушылардың шығармашылығын қамтыды.

Бірінші кезеңде сайыскерлер Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен прозалық туындыларын мәнерлеп жатқа оқыды. Абайдың әндерін тамылжыта шырқағандар да табылды. Екінші кезеңде  Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзінді оқыды. Бұл бөлімге қатысушылардың басым бөлігі Б.Майлиннің «Күлпашынан» үзіндіні таңдаған. Ал үшінші кезеңде С.Дөнентаев, І.Жансүгіров және Ф.Оңғарсынованың поэзиялық шығармалары оқылды. Дегенмен, қатысушылар арасында дайындықсыз шығып, сахнада мүдіргендер де болды. Бұл қазылар алқасы тарапынан да ескерусіз қалған жоқ.

–  Шығарманы оқыған кезде әр адам толықтай туындымен танысып алуы керек. Содан кейін ғана эпизодтық бөлімдерін таңдаған жөн. Мәтінге мән бермей үзіндіні «жұлып» алып оқыған қатысушылардың бар екені білініп тұрды. Екіншіден, қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармалары көп. Олар ХХ ғасырдағы Кеңестік дәуір әдебиетінің жүгін арқалайтын көркем прозада да, поэзияда да айрықша із қалдырған. Бірақ, жастарымыз санаулы шығармаларды ғана шолып өткендігі байқалды. Фариза ақын мен Сәбит Дөнентаевтың өлеңдерін де бір үміткер оқысы, екіншісі соны қайталады. Біздер бұрын-соңды көп оқылмаған туындыларды тыңдай алған жоқпыз, – деді қазылар алқасының төрайымы Рита Сұлтанғалиева.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алған М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті А.Қайырғалиев 30 мың теңге қаржылай сыйлық алды. Бірінші орын алған осы оқу орнының студенті Н.Бақтыбайға – 20 мың,  екінші орын алған Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Н.Асылбеков пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Д.Қуанышбайұлына – 15 мың, үшінші орын алған Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының педагог-психологы А.Мұханбетова, Теректі аудандық колледжінің  студенті Қ.Құбаниязов пен Орал ақпараттық технологиялық коллджінің студенті М.Сәрсенге 10 мың теңгеден берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»