БҚО-ДА 8500-ДЕН АСА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛАДЫ
1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе науқаны басталады. Бүгінде коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға қатысатын медициналық ұйымдардың дайындығы пысықталуда.

БҚО-да иммундауға қатысатын медицина ұйымдарының 250-ден астам маманына семинар жүргізілген. 1 ақпанға дейін облысқа 1000 дозалы вакцина әкелінеді. Ол – Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник -V» вакцинасы. Вакцинаны бірінші кезекте медицина қызметкерлері алады.
– БҚО бойынша 8500-ден астам медицина қызметкері егіледі. Вакцинацияны қалалық емханалар және аудандық ауруханалар деңгейіндегі 26 егу кабинетінде даярланған егу қызметкерлері жүргізеді. Егу кабинеттері қажетті жабдықтармен, шокқа қарсы бұрыштармен, вакцинадан кейін ықтимал қолайсыз салдар кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмдерімен, дезинфекциялық стерильдеу қағидаларын сауқтаумен қамтамасыз етілген. Вакцинаға байланысты халық арасында теріс ақпарат жүруде. Осы ретте біз ҚР-ның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сай екпе алу ерікті екенін еске саламыз, – деді М.Арыспаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу