8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 1092 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰТЫНУШЫҒА КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНДАРЫ ҮШІН 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Aqjaiyq телеарнасындағы тікелей эфирде  БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызмет төлеуді қарастыратын тетік әзірлеген болатын. Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберілетіні туралы шешім қабылданды.

БҚО әкімінің мәліметінше, мемлекеттік  органдардың ұсынысы негізінде белгіленген жеті санатқа енетін 39-40  мыңдай батысқазақстандық үшін коммуналдық төлемдеріне 15  мың теңгеден төленбек.

– Әзірге өтінім беру үшін уақыт бар. Коммуналдық шығындар үшін төлем сәуір айының соңында жүргізіледі. Бұл төлем азаматтардың есепшоттарына жіберілмейді. Айдың қорытындысы бойынша  шығарылған түбіртекке сай, коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ететін мекемелерге аударылады. Ал тұтынушылардың өздеріне  15 мың теңге кемітілген түбіртек жіберіледі, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай коммуналдық төлемді 1, 2, 3 топ мүгедектері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары, төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер ала алады.

Төлемді алу үшін тұтынушы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады. Өтінімді 15000@uralsk.kz немесе 109 Call-орталығы, 500-255, 8 771 068 58 53, 8771068 58 63 телефон нөмірлеріне  хабарласу арқылы қалдыруға болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
70 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
117 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
420 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
429 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
561 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
861 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
955 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1193 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1459 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1688 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1725 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1874 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2071 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2293 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»