Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысты ақпаратты қайдан алады — сауалнама нәтижелері
Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік зерттеу қазақстандықтардың Құрылтай сайлауы қарсаңында партиялардың сайлауалды бағдарламалары туралы мәліметтерді қандай дереккөздерден алатынын көрсетті.

Институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның айтуынша, қазақстандықтар сайлау науқаны туралы ақпаратты негізінен мынадай дереккөздерден алады:
• Телеарналар — 51,6%;
• Instagram — 44,5%;
• Ақпараттық интернет-порталдары — 32,5%;
• Отбасы және туыстарымен әңгімелесу барысында — 27,4%;
• TikTok — 23,8%;
• Жұмыс орнында — 22,5%;
• Достармен әңгіме-дүкен — 21,7%.
Институт өкілдерінің түсіндіруінше, сауалнамаға қатысқандарға бірнеше жауап нұсқасын қатар таңдауға рұқсат етілген. Сондықтан көрсеткіштердің жалпы жиынтығы 100%-дан асады.
Бұл нәтижелер саяси контентті бұқара, ең алдымен, телеарналардан көретінін білдіреді. Ал әлеуметтік желілер арасында Instagram мен TikTok ең танымал платформалар болып отыр. Сонымен қатар, азаматтар сайлауға қатысты ақпаратты күнделікті араласатын ортасымен талқылап, сол арқылы да мәлімет алатыны белгілі болды, — деді Гүлден Емішева.
Айта кетейік, зерттеу 2026 жылғы 16-26 шілде аралығында face-to-face (бетпе-бет) сұхбат әдісімен жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 4000 респондент қатысты.
Соңғы жаңалықтар
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру