АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ – КҮН ТӘРТІБІНДЕ
26 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мәселесі бойынша кеңес өтті.


2021 жылдың 31 желтоқсанында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Мораторий мерзімі аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін саяси шешім қабылдап, заң жобасын Мәжіліске жолдаған.
ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін 19 наурызда жер реформасы бойынша Комиссия құрылып, құрамы бекітілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келесі жұмыстар атқарылуда: шекаралас аймақта ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған ҚР азаматтарына беруге тыйым салынды, елді мекендердегі тұрғындардың мал бағуға қажеттіліктері мемлекеттік мұқтажы санатына жатқызылып, жерлерді мәжбүрлеп алуға негіз болды, пайдаланылмай жатқан жерлерге базалық салық мөлшерін 10 еседен 20 есеге көбейту қарастырылды, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін қашықтықтан зондтау әдісі заңдастырылды, пайдаланылмай жатқан жерлерді тексеру және алып қою мерзімдері 3 жылдын 1 жылға қысқартылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың бірыңғай үлгі шарты бекітілді, аталған шартқа сәйкес жерлерді тиімді пайдалану мақсатында мониторинг жүргізу тәртібі заңмен бекітілді.
25 наурызда Жер комиссиясының алғашқы отырысы өткізіліп, проблемалық мәселелер көтеріліп, талқыланған. Алдағы уақытта Комиссия отырысы аптасына 1 рет өткізілетін болады.
Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
2019-2021 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан 1 млн. 96 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды, оның ішінде 2021 жылы – 174 мың га. Анықталған жерлердің ішінен пайдаланушылар өз еркімен мемлекет меншігіне 144 мың га қайтарып, қайтарылған жерлердің 55 мың га құрайтын жерлер қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
Сондай-ақ, көлемі 561 мың га құрайтын жер учаскелерінің пайдаланушылары арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жерлерін мақсатына сай игеруге кірісті.
Қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан 391 мың га құрайтын жер учаскелері қалып отыр. Нақты пайдаланылмай жатқан жерлердің пайдаланушыларымен жерлерді мақсатына сай игеру, игермеген жағдайда мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару бағытында түсіндіру, хаттамалар толтыру және ресми сайттарда тізімдерін жариялау жұмыстары жүргізілуде.
Пайдаланылмай жатқан жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерін он есеге дейін арттыру мақсатында Салық органдарына 2019-2020 жылдары көлемі 171 мың га құрайтын 139 жер учаскесінің материалдары жолданып, мөлшері 14 млн 433 мың теңгені құрайтын сома есептелсе, қазіргі таңда оның 10 млн 503 мың теңгесі төленген.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан Республикасының азаматтары мен және заңды тұлғаларына табыстау мақсатында, жерлерді экономикалық айналымға енгізу мақсатында конкурстар өткізілуде.
2020 жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін табыстау мақсатында 51 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 545 мың құрайтын 674 жер учаскесіне жалдау құқығы табысталды.
Ағымдағы жылы 5 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 6,7 мың га құайтын 10 жер учаскесі табысталды, сондай-ақ, 244 мың га құрайтын 324 жер учаскесін табыстау бойынша 19 конкурс өткізу жоспарлануда.
Биылдан бастап заңды негізде космомониторинг Qoldau.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу