8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2019 1873 0
Өзек

АСА МАҢЫЗДЫ: ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАҢЫЗ

«Крещение Господня» христиандық мерекесі таяу. Жыл сайын осы күні ауа райының аяз болуына қарамастан, тұрғындар суға шомылады. Осы христиандық мереке күні суға түскен адам барлық күнәларынан айырылады және жыл бойына денсаулығы мықты болады деген сенім бар. Суға түсем деушілерге осы күні барлық су айдындарында ойықтар ойылады. 

Соңғы жылдары осы күні суға түсуге ниет білдірушілер жыл сайын өсіп келеді, бірақ қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Осы христиандық мерекеде суға түсу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келесі ережелерді естен шығармауға кеңес береді:

  1. Құтқарушылардың кезекшілігі бар арнайы орындарда ғана суға түсуге. Мұндай жерлерді құтқарушылар жыл сайын ұйымдастырады. Мысалы, Жайық өзенінде – Чапаев затонында, «Металлист» зауытында, Архангель Михаил соборының жанында, Коминтерн ауылында, Шаған өзенінде – әйелдер шіркеуінде, қалалық демалыс және мәдениет саябағында, «Динамо» спорт кешені жанында және т.б. жерлерде.
  2. Сонымен қатар суға мас күйінде түсуге және судан шыққан соң ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Көп адамда судан шыққан соң ішімдік ішу арқылы жылынуға болады деген қате түсінік бар. Ішімдік алғашқы минуттарда ғана жылулық күйді сездіреді ал кейін қан тамырлары кеңейеді. Кейін тез уақытта тарылады да, адам тез тоңа бастайды. Сол себепті мұндай мейрам күні мүлдем алкогольдік ішімдікті қолданбаған дұрыс.
  3. Суға түсу алдында өзіңізбен ыңғайлы, суланбайтын әрі сырғанамайтын қосымша аяқ киім алыңыз. Сол аяқ киіммен суға түсу орнына асықпай, мұқият барыңыз.
  4. Суға баяу жүріп түсу керек, суға түсу орнына секіруге әрі тез сүңгуге тыйым салынады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында суға арнайы ұстағыштар арқылы түсу керек.
  5. Суға бірінші рет түскенде бірден бойға дейін түсу керек, бірақ жүзуден сақтаныңыз. Суға түскен кезде қимылыңыз жай әрі нақты болу керек. Ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін басты суламай, мойынға ең жақсы батыру. Толық батқан кезде, тамырлар рефлекторлы тарылады, бұл инсультке немесе есінен айрылуға әкелуі мүмкін. Сондықтан ойықта шомылуға бас миы мен қан тамырларының кез келген аурулары қарсы көрсеткіш болып табылады.

Ойықта болудың  оңтайлы уақыты шамамен 10-30 секунд. Бұл суыққа немесе пневмонияға әкелуі мүмкін ағзаның жалпы салқындауын болдырмауға мүмкіндік береді.

  1. Ойықтан шыққан кезде тұтқадан тікелей ұстап тұру қажет, өйткені тайғақ сатылардан арылу және суға кету немесе жарақат алу қаупі бар.
  2. Шомылғаннан кейін аязда тұрмаңыз. Өзіңізді құрғақ сүлгімен сүртіп, жылы киім киіңіз. Алдын алу шарасы ретінде жидектер немесе шөптері бар ыстық шай ішу ұсынылады.

«Крещение Господне» христиандық мерекесі кезінде балалар үшін суға шомылудың ерекше ережелері қарастырылған. Педиатрлар кішкентай балаларды мұзды суға шомылдырмауды ұсынады. Алайда, егер сіз өзіңізбен бірге балаңызды алып, оны осы христиан дәстүріне баулимын деп шешсеңіз, онда оны жалғыз қалдырмаңыз. Оны тек өзіңізбен бірге және қысқа уақытқа суға шомылдырыңыз. Баланы бірден жылы пледке немесе жапқышқа ораңыз. Егер бала қарсылық білдірсе, оны суға күштеп түсірмеңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз мұздағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпауыңыз керек және 10 сантиметрден астам қалыңдатылған мұз ересек адамның салмағын, ал 25 сантиметрден астам жеңіл автомобильді  көтере алатынын есте сақтау керек.

Бүгінгі күні қала мен облыстың су айдындарында мұздың қалыңдығы су айдынының сипатына байланысты 9-дан 32 сантиметрге дейін. Бірақ оның қалыңдығына қарамастан, оның беріктігіне сенуге болмайды, өйткені ауа райы температурасының өзгеруіне байланысты мұздың беріктігі екі есе төмендейді. Әсіресе, мұз бетіне су шыққан кезде ол жұқа болады.

Жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді сақтау осы қасиетті мерекеде ғана емес, сонымен қатар біздің күнделікті өмірімізде де қайғылы оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

А.В.Еремеев, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы Судан құтқару қызметінің басшысы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
135 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
394 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
652 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
893 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
928 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1082 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1276 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1510 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1597 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1707 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1716 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1744 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1749 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1852 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2073 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2380 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»