8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2023 2079 0
Мезгіл мәселесі

Қалдықтар полигонында қоқыс өртеніп жатыр

 

Оралдағы Зачаган кентіндегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер әлі құрықтаған жоқ.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша тұрғын үйлерден 15 шақырым қашықтықта орналасқан полигонда кешеден бері 1 гектардай аумақта қоқыс жанды. «ICM Recycling» ЖШС-ға тиесілі полигонның жалпы ауданы – 33 гектар.

Аталмыш ЖШС-ның күшімен (6 бортты көлік, 1 экскаватор, 2 бульдозер) жанып жатқан жер сазбен көмілуде. Қала аумағында түтін исі байқалмайды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ басқармасы (2 адам, 1 техника), №3 өрт сөндіру бөлімі (6 адам, 1 техника) және «ICM Recycling» ЖШС (16 қызметкер, 9 техника) күштері жұмылдырылған».

Зачаган кенті тұрғындарының сөзіне қарағанда, мұндай жағдай жаз шыға жиі орын алады. Кейде түнде өрттің жағымсыз исі кентті алып кетеді.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
100 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
148 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»