8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2019 1343 0
Қоғам

ҒАЛАМТОР АЛАЯҚТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

       Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда. Киберқауіпсіздікті нығайту – ел тыныштығын сақтауда аса маңызды. Қорғаныс саласы, еңбек өнімділігі, өндіріс қуаты, үнем мүмкіндіктері киберқауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге алпауыт компаниялармен қатар шағын мекемелер да жіті назар аударуы тиіс. Бұл туралы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің Сәтпаев атындағы мәжіліс залында «Киберқауіпсіздік әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесінде» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланды.  

Жиынды жүргізген ҚР ІІМ Еңбегі сіңген қызметкері, полиция полковнигі, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің магистратура бөлімінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Талғат Рахметов Мемлекет басшысы Жолдауында киберқауіпсіздік мәселесіне баса назар аударып, цифрлық технологияларды енгізу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырғанын, алдағы міндеттер       аясында Елбасы киберқауіпсіздік шаралары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс екенін атап өткенін жеткізді. Бүгінгі таңда әлем бойынша отыз мыңнан аса сайттар жұмыс істейді. Елімізде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдама мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, «цифрлы» экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту перспективалары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету аясын кеңейту саласындағы жағдайды бағалауға негізделген. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі хакерлермен күресті жіті бақылап отырады. Жиында сөз алған ҚазИИТУ университетінің ректоры, профессор Әлиби Баяхов ғаламтор пайдаланушылардың санының көбеюі, онлайн қызметтердің кеңеюі әсіресе, әлеуметтік-экономикалық салада киберқылмыстардың артуына әкелгенін тілге тиек етіп, олармен күрес құқыққорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлерден жоғары кәсіби дайындықты талап ететінін айтты. Жиында БҚО ІТ Ассоциациясы төрағасы Петр Лежников киберқауіпсіздіктің негіздеріне тоқталса, Дубна университетінің профессоры, WIPO Алтын медаль лауреаты Ролан Сұлтанғалиев «Когнитивті-цифрлық экономикадағы тәуекелді басқару» тақырыбында ой өрбітті.

Ғаламтор қосымшалары арқылы қызыққан тауарыңды қолжетімді бағаға сатып алғың келді делік. Алдымен тауар туралы керекті ақпаратты білу үшін алаяқ сатушымен байланысқа шығасың.  Алайда алаяқ сізге басқа қалада, облыста тұратынын йтып, алдын ала төлемді немесе тұтастай тауар құнын картасына аударып жіберуін сұрайды. Ақша қаражаты есепшотына түскен соң ол ұялы телефонын дереу өшіреді де, бой тасалайды.  Осындай үлгідегі қылмыскердің арбауына түсіп қалмау үшін сауатты болуың қажет. Бұл туралы жиында  БҚО бойынша   Полиция департаментінің бөлім басшысы Сергей Кибальников  тарқатып әңгімеледі. Полиция қызметкерінің айтуынша, абоненттік номерге смс хабарлама арқылы түскен құпия санды тіптен, банк қызметкерімін десе де, ешкімге айтуға болмайды. Еш жанға жеке құжаттарды, банк картасын, есепшотты, әсіресе, картаның артқы жағындағы CVC-кодты бермеуіңіз керек. Ақша аударымын жасамас бұрын нақты сол адаммен сөйлесіп тұрғаныңызға көз жеткізген жөн. Ғаламторда бейтаныс адамнан тауар сатып алуда абай болу қажет.  Қыркүйек айында Орал қаласының «С» есімді тұрғыны несие рәсімдеуге көмек көрсету бойынша ғаламтор алаяқтығымен ұсталған. Ал қараша айында тұтқынға алынған «М» есімді азамат  пәтер жалдау сылтауымен төрт, «А» есімді азаматша сегіз ғаламтор қылмысын жасаған. Мұндай мысалдар бүгінде өте көп.  Аталған тұлғалар қылмысқа тартылып, түрлі мерзімде жазаларын өтеуде  екен.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде университеттің  «Құқықтану» факультетінің магистранты Аида Рау, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Нартау Аманбаев, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Алмаз Мұқашев киберқауіпсіздік туралы жан-жақты пікірлерін ортаға салды.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
364 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
460 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
703 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
971 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1195 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1234 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1386 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1580 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1812 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1898 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2010 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2015 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2049 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2049 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2155 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2377 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»