8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2021 1343 0
Қоғам

ҚАЛА БЮДЖЕТІ КӨБЕЙДІ

Бүгін қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында Орал қалалық мәслихатының 3-кезекті сессиясы өтті. Қалалық мәслихат депутаты В.Крыловтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Еріктілер бастамаларын дамытудағы жергілікті атқарушы орган мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеті туралы, сондай-ақ Орал қаласындағы азаматтық қоғам институттарының бастамалары талқыланып, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы қарастырылды.  Сондай-ақ Орал қалалық мәслихатының  «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Алғашқы мәселе бойынша сөз алған Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшековтың мәлімдеуінше, қалада ҮЕҰ саны – 462, олар өз қызметі бойынша жыл сайын 31 наурызға дейін infonpo.gov.kz сайтына есеп тапсыруға міндетті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткен жылы – 30 млн.700 мың теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылған.  – 2020 жыл атаулы даталарға толы болды. Аталған тақырып аясында ұлы ақынымыз – Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай 23 сәуір – 6 мамыр аралығында «Абай – қазақ елінің рухани қазынасы» байқауы,  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ардағым ардагерім» акциясы, 2-18 маусым аралығында Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай «Жұбан – поэзияның заңғар жыршысы» атты байқауы, 30 маусымда «Нұр Отан» ғимаратында ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби – өркениет философы» атты халықаралық конференциясы және  10 тамызда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы Абайды ұлықтау – ұрпақ міндеті»  атты  республикалық конференция өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен жылдың қазан және қараша айларында халық көп шоғырланған орындарда акциялар оздырылып, 3000-ге тарта ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылды. Сонымен қоса, қала көшелерінде 11 ақпараттық баннерлер орнатылды. «Ақжайық – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінде Орал қаласы әкімдігінің барлық бөлім басшылары өз салалар бойынша тікелей эфирге шығып тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, – деген Ербол Нәсиболлаұлы бұдан әрі мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыру жайына тоқталды.

Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде Орал қаласында 45 980 мыңнан астам  ардагер тіркелсе, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 34. Осы орайда ҰОС ардагерлерінің әлеуметтік картасы жасақталып, карта арқылы ардагерлерге қандай көмек керектігі анықталған. Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері ардагерлермен байланысып, туындаған сұрақтары бойынша көмек көрсетіп келеді. Әр мерекелерде немесе туған күндерінде үйлеріне барып құттықтайды. Тұрғындар арасында жол қауіпсіздігі мен тазалық мәдениетін қалыптастыру» жобасы аясында I қалалық урбанистер форумы, жол жүру ережесін сақтау және VisionZero негізгі тұжырымдамасы тақырыбында 20 бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланған. Автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және VisionZero қағидаттарын жарықтандыру мақсатында 30 баннер дайындалып қала көшелеріне ілініпті. Биыл жастар әлеуетін қолдауға мемлекеттік әлеуметтік жобаларға 8 млн.750 мың теңге бөлінген. Ал өткен жылы 10 млн. 750 мың теңге қарастырылған.

Өз кезегінде Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жасалған жұмыстарға тоқталды. Есепті кезеңде жұмысқа  орналасу мәселесі мен халықты жұмыспен қамту орталығына 12 072 адам жолығып, 5927 адам  мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, оның ішінде 5308 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылған.

– Атап айтқанда, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 321 адамға 177,6 млн теңге көлемінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар берілді. Жұмыс беруші мәлімдеген бос жұмыс орындарына 2875 адам жолдама алып, жұмысқа орналасты. Жастар практикасына жолдау жоспары – 301 адам. 30 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  жолданды. 2021 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыз ретінде 3747 адам есепте тұр, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3 есеге көп,  – дейді Ерлан Ерсайынұлы. 2021 жылы Орал қаласы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының  үшінші бағыты аясында 4574 адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту көзделуде.

Сессия барысында 2021 жылға Орал қаласының бюджетін 11 273,3 млн. теңгеге көбейту ұсынылды. Бұл мәлімдемені депутаттарға қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова жеткізді.  Оның айтуынша, облыстық бюджет бойынша 8 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына – 5 909,2 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған және автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуына 694,9 млн. теңге бөлінуде (Светлая көшесі мен Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданы). Сонымен қатар, әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 150 млн. теңге бөлінген. (Толығырақ «Жайық үні» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар).

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
22 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
77 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
393 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
401 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
532 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
830 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
927 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1165 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1430 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1659 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1696 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1847 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2044 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2267 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»