АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ 2038 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
4 мамыр 2020 жылы Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады. «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға болатындығын көріп, келесі жолы тек брондау арқылы келуге уәде берді», – деп толықтырды Балташева.
«Орал қаласында жаңа форматтағы ХҚО ашылған күні 100-ден аса азаматтар ҚР жеке куәлік пен ҚР төлқұжатына рәсімделді. Сонымен қатар 200-ге жуық қызмет алушы әлеуметтік қамсыздандыру және жылжымайтын мүлік тіркеу бағытындағы қағаз жүзіндегі қызмет түрлерін алды. Тұрғындардан маскалық режимді ұмытпай сақтауларыңызды сұраймын», – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Марат Бассаров.
Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.
Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ХҚО-лар шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ашылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу